Күмәндi аллергенмен терi iшiлiк сынама қою, 15-30 минуттан соң серпiлiстi
анықтау.
Прастниц – Кюстнер сынамасы.
Денi сау, өзi келiскен адамға терi iшiне науқастың сарысуын енгiзедi. 12-24
сағаттан соң осы жерге күмәндi аллергендi енгiзiп, 15-30 минуттан соң
серпiлiс нәтижесiн көредi. Науқас сарысуындағы IgE сау адамның терiсiнiң
мес жасушасындағы Fc-рецепторға жабысады. Осы жерге аллергендi
енгiзгенде, аллерген мес жасушаның бетiндегi IgE-нiң Fab фрагментiмен
байланысып мес жасушаның дегрануляциясына әкеледi, қабыну серпiлiсiнiң
пайда болуына ықпал етедi.
Достарыңызбен бөлісу: