Құрсақішілік критикалық кезең жүктіліктің
8-12 аптасы болып
табылады. Бұл кезде иммундық жүйе мүшелерінің және жасушаларының
дифференциялануы болады.
Бірінші критикалық кезең -нәрестенің туғаннан кейінгі алғашқы
күндері. Бұл кезде нәресте ағзасы көптеген антигендермен кездеседі, Т- және
В-лимфоциттердің функционалдық дисбалансы байқалады және тек IgM
түзіледі. Фагоциттердің функционалдық белсенділік күшінің әлсіз болуы
нәтижесінде антигендердің процессингі төмендейді. Бұл кезеңге ағзаның
шартты-патогенді
грамтеріс
флораларына,
герпес
вирустарына,
цитомегаловирустарға
резистенттілігінің
төмендеуі
байқалады
және
жайылмалы қабыну үрдістеріне (сепсистік жағдайлар) бейім болады.
Екінші критикалық кезең – нәресте өмірінің 3-6 айларына сәйкес келеді.
Бұл кезеңде анасынан берілген антиденелердің ыдырауы нәтижесінде
пассивтік гуморалдық иммунитеттің нашарлауы. Көптеген антигендерге IgM
басым түзілуімен біріншілік иммундық жауап дамиды. Иммундық жауаптың
бұл түрі тұрақты иммунитетті тудырмайды. Балалар парагрипп вирустарына,
аденовирустарға (пневмония, бронхиолиттерге) сезімтал болып келеді. Бұл
кезеңде тұқымқуалаушылық иммундық тапшылықтар кездеседі.
Үшінші критикалық кезең – нәресте өмірінің екінші жылында
байқалады. Көптеген антигендерге IgM түзілісі IgG түзілуіне ауысады. Бұл
кезде IgG1 және IgG3 топшаларын түзетін В-лимфоциттердің клондары
дифференцияланады. Осы кезеңге иммундық кешен және аутоиммундық
аурулардың дамуы тән. Балалар қайталама вирустық және микробтық-
қабыну ауруларына бейім болады.
Төртінші кезең - өмірдің 4-6-шы жылдары. Бұл кезде қанның формалық
элементтерінің екінші реттік қиылысуы болады. IgM және IgG деңгейі ересек
адамдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Бірақ сарысулық IgA деңгейі әлі
төмен, ал қандағы IgE деңгейі өте жоғары болады. Осы жаста балаларда
атопиялық, паразитарлық және иммундық кешен аурулары жиі кездеседі.
Көптеген созылмалы аурулар дамиды.
Бесінші критикалық кезең – жасөсіпірімдік кезең. Бұл кезеңде жыныс
гормондарының
өнідірілуінің
жоғарылауы
жасушалық
иммунитеттің
тежелуіне әкеледі, нәтижесінде созылмалы қабыну, аутоиммундық және
вирустық аурулардың өршуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: