Антигендiк – заттардың қандай бiр иммундық серпiлiс шақыру
мүмкiншiлiгi: көп немесе аз мөлшерде антидене түзiлуiн, күштi немесе әлсiз көлемдегi жасушалық иммундық серпiлiстер шақыратын заттар. Антигендiк антигеннiң химиялық құрылысына, беткей орналасқан
детерминантқа, антигендерге жауап беретiн клон құрастыратын, жасушалар
санына және антиген енгiзiлген ағзаның түрлiк сипатына байланысты.
Антигендiк қауiптiлiктiң ерте белгiсi ретiнде маңызды, себебi ағзаға түскен
қауiптi заттардың әсерi бiрден көрiнбейдi, ағза олардың потенциалдық
агрессиясын тек антигендiк қасиетiнiң болуымен таниды.
Иммуногендiк - антигеннiң иммунитет тудыру қабiлетi. Бұл ұғым негiзiнен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететiн микроб және вирус антигендерiне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия
қоздырғышының антигендiгi өте жоғары, сондықтан өзiне қарсы күштi
иммундық жауап туғызады, бiрақ оған қарсы айқын иммунитет
өндiрiлмейдi, себебi ұзақ өмiр сүретiн зерде жасушалары түзiлмейдi. Сүзек
вакцинасының антигендiгi мен иммуногендiгi өте жоғары, оны енгiзген
кезде көп мөлшерде антиденелер түзiлiп, қуатты иммунитет пайда болады.
Антигеннiң иммуногендiгiн көрсететiн маңызды қасиетi - молекула
мөлшерi.
Полимерлiк
молекуланың
салмағы
жоғарылаған
сайын,
иммуногендiгi артады. Антигендердiң иммуногендiгi олардың құрылысына
(зарядына, қош иiстi сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшерi мен
олардың ағзаға енгiзу жолына байланысты.
Арнайылық –
бұл антигендердiң бiр-бiрiнен айырмашылығын көрсететiн антигендiк ерекшелiк. Антигендердiң иммундық ерекшелiктерi макромолекуланың барлық денесiмен емес, антигеннiң бетiнде болатын детерминанттардың қасиетiмен, олардың саны және молекулаларда
табиғи антигендердiң орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбiр жасуша
өзiнiң антигендiк ерекшелiгiмен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен
сипатталады.