Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет63/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

эффекторлы  бөлiгi  болып  табылады.  Антидененiң  негiзгi  қызметi  -  
антигендi  арнайы  байланыстыру.  Антиген  мен  антидененiң  арнайы 
әсерлесуi  олардың  арасындағы  комплементарлық  пен  кеңiстiктiк 
сәйкестiкке негiзделген.  
Ең  алғашында  гуморалды  жүйенің  орталық  мүшесі  құстарда    табылған, 
ол  Bursa  Fubricius  мұшесi,  сол  себептен  Bursaдағы  лимфоциттер  В-
лимфоциттер деп, ал гуморалады иммунитет жүйесі В-жүйесі деп аталған.   
Сүтқоректілерде  Bursa  Fabricius  аналогы  эмбрионалды  кезеңiнде   
бауырдағы  қан  ошақтары,  ал  постнаталды  кезеңде      сүйек  кемегi  (Воne 
marrow) болып табылған. 
В-жүйенің  шеткері  мүшелеріне  көкбауырдың,  лимфа  түйіндердің 
және басқа  (бадамша бездер, аденоидтар, ішектің пейер табақшалары, 
аппендикс)  лимфоидтық  түзілімдерің  тимустәуелсіз  аймақтары  жатады. 
Бұл  В-лимфоциттердің  көп  шоғырланған  аймақтары,  ал  тимустәуелді 
аймақтарда  қан  айналым  арқылы  айырша  безден  көшкен  Т-лимфоциттер 
орналасады.  
Шеткері  қанда  барлық  лимфоциттердiң  арасында  В-лимфоциттер  20-
30  %  құрайды.  Негізінде  ол  бастапқы  даму  кезеңін  сүйек  кемегiнде  өтіп, 
шеткері  лимфа  мүшелеріне  орналасатын  толық  жетілмеген  жасушалардан 
тұрады.  Лимфоидтық  мүшелерде  антигенмен  байланысудан  кейін,  В-
лимфоциттер  соңғы  дифференциалану  кезеңінен  өтiп,  антигенге  қарсы 


 
43 
антидене  синтездеуде  негізгі  қызмет  атқаратын  плазмалық  жасушаларға 
айналады. 
Әрбiр  организм  әртүрлi  антиденелердiң  жиынтығын  құрайды,  яғни, 
әртүрлi  арнайылықты  антигенге  қарсы  антидене  түзу  қабiлетiне  ие. 
Антигендiк 
детерминанталары 
теориялық 
мүмкiн 
болатын 
конфигурациясының  мөлшерi  және  сәйкесiнше  арнайы  антиденелер  саны 
10
7
  –  10
8
  ретiмен  бағаланады.  Антидененiң  осындай  көптүрлiлiгi  туралы 
сұрақ  –  иммунологияда  ең  қиын  сұрақтардың  бiрi.  Қазiргі  кезде  жалпы 
қабылданған пікір  әрбiр жеке  организмде иммуноглобулиннiң ауыр  және 
жеңiл вариабельдi аймақтарын және олардың комбинацияларын кодтаушы 
гендердiң 
үлкен 
жиынтығымен 
қамтамасыз 
етiлген 
антидененiң 
көптүрлiлiгiнiң генетикалық жоспарлануы болып табылады. 
Антидене кез келген антигенге жауап ретiнде түзiлсе де, олар антигеннiң 
шығарылуын немесе бұзылуын қамтамасыз ететiн қорғаныстық қызметiн 
әрқашан да орындай бермейдi. Мысалы, iсiкке қарсы антидене белгiлі бір 
жағдайларда,  iсiк  жасушасының  жойылуына  емес,  оның  өсуiне  әкелуi 
мүмкiн.  
Ең  бiрiншiден,  гуморалды  иммунитет  жүйесi  жасушадан  тыс  бактерия 
мен  вирустарға  қарсы  белсендi  болады,  сондықтан  оның  негiзгi  қызметi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет