Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет124/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   316
2.2.
 
БІЛІКТЕРДІ ЖАСАУ 
 
Құрылмалық ерекшеліктері және жасау дәлдігі. Кез-келген 
машинаның білігі оның ең жауапты тетіктерінің бірі болып 
табылады, себебі ол үлкен жүктемемен және көбінесе, үлкен 
айналымдармен жұмыс істейді. Осы себептерге байланысты 
біліктерді біршама жеңіл, бірақ берік, дәлірек айтсақ, қуыс және 
қабырғалары жұқа етіп жасауға ұмтылады. Турбиналардың, 
компрессорлардың, редукторлардың біліктерінің сыртқы үстіңгі 
беттері тегіс тегіс қылта, оймакілтек, бұранды, тісті доңғалақтардың 
тістері, ернемек, радиалды және осьті саңылаулар және 
басқаларының түрлі үйлесімін білдіреді
.
Біліктердің жұмыс істейтін ауыр жағдайлары олардың үстіңгі 
беттерін дәлдеп өңдеуге және құрылмалық базасы болып табылатын 
1 6 7
 


үстіңгі беттерінің өзара орналасу дәлдіктеріне қойылатын жоғары 
талаптарды айқындайды. Көптеген жауапты біліктердің дәлдігі 
келесі мәндермен сипатталады.
1. Мойынтірек қылтасына дәлдігі - 7-8-інші квалитет.
2. Жұмыс беті емес үстіңгі беттің дәлдігі - 9-10-ыншы 
квалитет.
3. Жұмыс 
бетінің геометриялық пішінінің дөңгелектен 
ауытқуы - 0,005...0,02 мм.
4. Жұмыс беті емес үстіңгі беттердің геометриялық пішінінің 
ауытқуы - 0,01...0,04 мм.
5. Осьтік саңылаулар дәлдігі - 9-10-ыншы квалитет.
6. Түйісетін үстіңгі беттерінің дәлдігі - 7-9-ыншы квалитет.
7. Бұрандының дәлдігі - бұрандыға арналған 6-8-інші квалитет.
8. Оймакілтектердің дәлдігі - 8-інші квалитет.
9. Жұмыс беттерінің өзара соғылуы - 0,05...0,2 мм.
10. Жұмыс бетінің кедір-бұдырлығы - 7- 10-ыншы класс.
11. Жұмыс беті емес үстіңгі қабаттардың кедір-бұдырлығы - 5- 
7-нші класс.
Міндетті статикалық немесе динамикалық теңгерілім. Төмен 
көміртекті болаттардан жасалатын біліктердің үстіңгі жұмыс 
беттерін 0,7...1,2 мм тереңдікке цементпен жабады. Кейбір 
біліктердің үстіңгі жұмыс беттерін 0,6...0,9 мм тереңдікке азотпен 
жабады. Жарықшақтар, қажамалар, сынықтар мен басқа да үстіңгі 
бет ақаулары болмауы керек. 
Біліктерді 35, 40, 45, 40Х, 40Г және басқа болаттан жасайды. 
Біліктер үшін дайындамаларды ыссы илемнен және калибрленген 
илемнен алады. Дара және ұсақ сериялы өндірісте, негізінен, 
илемнен алынған дайындамаларды оны келесі механикалық 
өңдеумен кесу арқылы алады. Салмағы 15 кг артық білік 
дайындамаларын еркін сомдау (қалыпсыз) әдісімен алу мақсатқа 
сәйкес. 
Орта сериялы өндірісте біліктерге арналған дайындамаларды 
илемнен төсемелі немесе топтастырылған қайта бапталатын 
қалыптарда келесі механикалық өңдеумен немесе сомдаумен кесу 
арқылы 
алынады. 
Бағдарламамен 
жүргізілетін 
сомдаушы 
машиналарда айналмалы сомдауды кеңінен қолданады. Ірі сериялы 
және жаппай өндірісте біліктер үшін дайындамалар үшін негізінен, 
илемді кесу (кестерге) арқылы алады, ол келесіде минималды 
әдіптерді (1,5...2 мм) және дайын біліктің пішіндемесіне 
дайындаманың 
пішіндемесінің 
максималды 
жақындауын 
қамтамасыз ететін қымбат қалыптарға сомдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет