Құрметті оқырман!
Осы оқулық «Машина жасау технологиясы»
оқыту-әдістемелік
жинағының бөлігі болып табылады.
«Машина жасау технологиясы» жалпы кәсіби пәнін оқытуға
арналған оқулық.
Жаңа
заманның оқыту-әдістемелік жинақтары жалпы білім және
жалпы кәсіби пәндер мен кәсіби модульдерді оқытуды қамтамасыз
етуге
бағытталған
дәстүрлі
және
жаңартылған
оқыту
материалдарынан тұрады. Әрбір
жинақ жалпы және кәсіби
құзыреттерді игеру үшін қажет, соның ішінде жұмыс берушілердің
талаптарын есепке алатын оқулықтар мен оқу құралдарынан, оқыту
мен бақылау құралдарынан тұрады.
Оқыту басылымдары электронды оқыту
ресурстарымен
толықтырылады. Электронды ресурстар интерактивті жаттығулары
мен жаттығу құрылғылары бар
теориялық және тәжірибелік
модульдерден,
мультимедиялық
нысандардан,
Интернеттегі
қосымша материалдар мен ресурстарға сілтемелерден тұрады.
Оларға оқыту барысының негізгі параметрлері: жұмыс уақыты,
бақылау және тәжірибелік тапсырмаларды орындаудың нәтижелері
жазылған
терминологиялық сөздік және электронды журнал кіреді.
Электронды ресурстар оқыту барысына
жеңіл енгізіледі және
әртүрлі оқыту бағдарламаларына бейімделген.
«Машина жасау технологиясы» пәні бойынша оқыту-әдістемелік
жинағы «Машина жасау технологиясы. Машина жасаудағы
технологиялық үдерістерді дайындаудың негізгі әдістері», «Машина
жасау технологиясы. Машина жасау технологиялық үдерістерін
жобалау принциптері» атты электронды
оқыту ресурстарынан
тұрады.