Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет140/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   316
1 8 8
 


байланысты бір-екі жұмыс жүрісінің ішінде оймакілтектерді кеседі. 
Технологиялық базалар ретінде біліктің центрлі тесіктерін 
қолданады. Шынығатын біліктерде оймакілтектерді алдын ала 
сыртқы ажарлаудан кейін жонады, ал шынықпайтын біліктерде - 
біліктің сыртқы үстіңгі бетін таза ажарлаудан кейін жонады.
Ірі сериялы өндірісте біліктерде тура оймакілтектерді кесу 
үлгілемдік дискілі жонғыштармен жону арқылы жүзеге асырылады, 
кейіннен оймакілтектердің үстіңгі беттерін ажарлайды. Өңдеуді 
механикаландырылған көлденең жонғыш білдектерде жасайды. 
Дайындаманы білдектің үстеліне орнатылған бөлгіш бастиектің 
ортасына бекітіп салады. Оймакілтектерді бұлай кесу әдісі 3-4 есеге 
өнімдірек, ол оймакілтекті және тіс жонғыш білдектерде өңдеуге 
қарағанда өнімдірек.
Оймакілтектерді алудың прогрессивті тәсілі бастиектің 
корпусына 5 жиналған үлгілемдік кескіштердің 3 жиынтығымен 
көшіру әдісі арқылы оймакілтекті ойып контурлап салу болып 
табылады (2.19-сурет, б), олардың саны мен пішіні біліктердің 
арасындағы ойымдардың пішіні мен оймакілтектердің санына 
сәйкес келеді. Соңғы жағдайда біліктің конструкцияларында 
жоңқаның шығуы үшін 6...8 мм өлшемді бунақты қарастыру керек. 
Бұл ретте өңделген үстіңгі беттің кедір-бұдырлығы Ra 2,5.1,25 мкм. 
2.19-сурет. Үлгілемдік кескіштері (а) мен оймакілтекті сүргілеуші 
білдектің кескіш бастиегінің (б) біліктерінде оймакілтектерді кесу 
схемасы:
1
- дайындама; 
2
- жонғыш; 
3
- кескіш; 
4
- бағыттаушы; 
5
- бастиектің 
корпусы 
1 8 9
 


Тарта жонуды біліктегі қарама-қарсы екі диаметрлі ойымдармен 
бір уақытта екі блокты тартумен жүргізіледі, біліктің келесі бұрылу 
бұрышы а = 360°/х, мұндағы х - оймакілтектердің саны. Тарту 
блогы тәуелсіз радиалды жылжитын кескіштер жиынтығынан 
тұрады. Бұл әдіс өтпелі және өтпелі емес оймакілтектерді өңдеуге 
мүмкіндік береді.
Өнімділігі жағынан оймакілтектерді ою мен оймакілтектерді 
тарту 5-8 есе (оймакілтектердің өлшемдеріне байланысты) 
оймакілтектерді жонудан артық болады. Оймакілтектерді суық 
бүрлеу әдісі перспективалы, мұнда олардың пішіні жоңқа алусыз 
аунақшалы, рейкалы және көп аунақшалы пішінді бастиектерсіз 
плактикалық пішін өзгертуімен түзетеді. Бүрлеу кезінде металл 
қабатын нығыздау оймакілтекті біліктердің беріктілігін арттырады. 
Кейде, суық бүрлеу біліктердің термиялық өңделуінен және 
оймакілтектердің механикалық өңделуінен бас тартуға мүмкіндік 
береді. Негізінде суық бүрлеумен эвольвентті оймакілтектерді 
жасайды.
Эвольвентті пішіндегі оймакілтектер 2,5 мм дейінгі модульмен 
екі немесе үш аунақшаларды суық бүрлеумен алады, олар 
технологиялық жүйесіне байланысты икемді деформацияны есепке 
ала отырып, алдын ала өңделген дайындаманың бөлу шеңбері 
бойынша орнатады. Бүрлеу аунақшаларын Х122ФН және Х6ФН 
маркалы жоғары шынықтырылған болаттан жасайды. Белгілі бір 
модульдегі бір аунақшамен оймакілтектерінің саны әртүрлі 
біліктерді өңдеуге болады. Бүрлеуге 220 НВ артық емес 
қаттылықтағы дайындамалар түседі. Алынатын дәлдік қадам 
бойынша 0,01...0,03 мм, жиналған қатесі 0,05.0,1 мм қадамы 
бойынша, кедір-бұдырлығы Ra 0,63...0,32 мм. Оймакілтектердің 
ұзындығына байланысты өнімділік бүрлеу кезінде оймакілтекті 
жону кезіне қарағанда 10 есеге артық.
Ішкі диаметрдің үстіңгі беті бойынша центрленетін оймакілтекті 
термоөңделген үстіңгі беттердің көбі оймакілтектерді кесуден кейін 
бұдан әрі оймакілтекті жонуға түседі. Біліктерде оймакілтектердің 
пішінін түзетін үстіңгі беттері ішкі диаметрінің үстіңгі бетімен 
центрленеді, бір жүргенде пішінді шеңберлермен ажарлайды. Екі 
рет өткенде оймакілтектердің бүйір жақ беттерін екі цилиндрлі 
дөңгелектермен ажарлайды, ал содан кейін ішкі центрлеуші 
диаметрінің бетін ажарлайды. 
Дәлдігі және өнімділігі жағынан ең үздік нәтижелерді бір 
пішінді дөңгелекпен ажарлау береді. Оймакілтекті біліктер сыртқы 
диаметрі бойынша центрлегенде дөңгелек-ажарлаушы білдектерде 
ажарлайды, ал содан кейін оймакілтектерді жонады, бұл бір 
кешенді калибр-тығынмен жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет