3.
4.
ҚҰРАСТЫРАТЫН ӨЛШЕМДІК ТІЗБЕКТЕР
Машиналарды жобалау, өңдеу дәлдігін есептеу, құрастыру
дәлдігін қамтамасыз ету бойынша технологиялық есепті жобалау
кезінде өлшемдік тізбекті пайдаланумен есептеулер орындалады.
Өлшемдік тізбек деп, тұйықталған контурды қалыптастыратын
және беттер немесе бір (механикалық өңдеу кезінде) немесе
бірнеше бөлшектің өзегінің (құрастыратын бірлікте) өзара қалпын
анықтайтын өзара байланысты өлшемдердің жиынтығын атайды.
Өлшемдік тізбек, құраушы буындар және тұйықтаушы (немесе
бастапқы) буынға бөлетін буындардар құралады.
Тұйықтаушы буын, салыстырмалы қашықтығын өлшемдік
тізбекті есептеумен анықтауға тура келетін беттерді немесе
өзектерді байланыстырады. Бұл буын өлшемдік тізбектің
құрастыратын буындарының барлығын өндіру нәтижесі болып
табылады. Егер өлшемдік тізбекті құрастыру буыннан басталатын
болса, онда ол буынды бастапқы деп атайды.
Құрастыратын буындар – көлемін өзгерту кезінде тұйытаушы
буын өзгеретін өлшемдік тізбектің буындары. Өлшемдік тізбектің
құрастыратын буындары артатын және кемитін болуы мүмкін.
Ұлғаюшы үзбе – ұлғаюы тұйықтаушы буынның ұлғаюына алып
келетін өлшемдік тізбектің құрамдаушысы. Есептеу кезінде бұл
буынның мәнін оң белгімен алады, кей жағдайларда буынның
шартты белігісі үстіне оңға бағытталған көрсеткішті қояды.
Азайтушы үзбе – ұлғаюы тұйықтаушы буынның кемуіне алып
келетін өлшемдік тізбектің құрамдаушысы. Есептеу кезінде бұл
буынның мәнін теріс белгімен алады, кей жағдайларда буынның
шартты белігісі үстіне солға бағытталған көрсеткішті қояды.
Құрастыру процесіне сәйкес өлшеуіш және құрастыратын
өлшемдік тізбектерді ажыратады. Егер құрастыратын өлшемдік
тізбекті бұйымдарды құрылымдау кезінде дәлдікті есептеу
бойынша есептерді шешу кезінде құрылымдаушы пайдаланатын
болса, онда бұл жағдайда өлшемдік тізбекті конструкторлық деп
атайды. Егер құрастыратын өлшемдік тізбекті бұйымды
құрастыруда дәлдікті қамтамасыз ету мақсатында бөлшектерді
іріктеу бойынша есептерді шешу кезінде технолог пайдаланатын
болса, онда бұл жағдайда құрастыратын өлшемдік тізбекті
технологиялық деп атайды.
Буындарды орналасу орнынан байланысты сызықтық, жазықтық,
бұрыштық және кеңістіктің өлшемдік тізбектерді ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: