Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет183/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   316
243
 


3.6 кестесінің соңы
Құрастыру 
дәлдігін 
қамтамасыз ету 
әдісі 
Қолдану саласы 
Пайдалануға қажет қосалқы 
шарттар 
Компенсаторлард
ы пайдаланумен
Компенсатор деп аталатын 
құрылымға арнайы енгізілген 
бөлшектер қосылысын ауыстыру 
жолымен экономикалық шақтамасы 
бар көп буынды құрастыратын 
тізбектері бар бұйымдарды 
жинаудың белгіленген дәлдігіне қол 
жеткізу 
Компенсацияның нақты қадамы 
бар дайын компенсаторлар 
жинақтамасының болуы. 
Алдын ала құрастыру және 
құрастыратын параметрді 
есептеуден соң бұйымды 
немесе құрастыратын бірлікті 
бөлшектеу мүмкіндігі.
Стационарлық ағымды емес құрастыру, құрастырудың 
барлық үдерісі бір жұмыс орнында немесе құрастыратын стендте 
жүргізілетіндігімен сипатталады. Құрастыруды бір жұмысшы 
немесе жұмысшылар бригадасы жүргізеді. Құрастырудың бұл 
түрінде үдерістің ауысуы кезінде қиюластыру мүмкіндігі 
төмендейді. Мұндай құрастыруды жаке-дара және ұсақ сериялы 
өндірісте қолданады.
Жылжымалы ағымды емес құрастырудың ерекшелігі
жиналатын бұйымды бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына 
тасымалдайтын көлік құралдарының болуы. Көлік құралдары 
ретінде конвейерлер, рельс тартылған жолдағы арбашалар және т.б. 
қолданылады. Мұндай құрастыру ұсақ сериялы өндірісте 
қолданылады. 
Стационарлық ағымды құрастыру кезінде жұмысшы немесе 
жұмысшылар бригадасы, үдеріс тактісіне тең уақыт аралығында бір 
құрастырылатын нысаннан екіншісіне ауыса отырып бір немесе 
бірнеше операцияны кезегімен орындайды. Жұмысшы (немесе 
бригада) жиналатын нысандардың әрқайсысында белгіленген 
операцияны орындайды.
Жылжымалы ағымды құрастыруды, жиналатын бұйымды 
үздіксіз немесе периодты қозғалыспен орындайды. Көлік құралдары 
ретінде ленталық, штангілік, шынжырлы және жиектемелі 
конвейерлерді қолданады. Орташа және ұсақ бұйымдарды жинауды 
тік және көлбеу бекітулі конвейерлерде орындайды. Қажетті 
жабдықтары бар жұмыс орындарын конвейер бойында орнатады. 
Мұнай құрастыру елеулі мөлшерде шығарылатын бұйымдарды 
өндіру кезінде қолданылады. Жиналатын нысандарды белгіленген 
тактімен шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет