Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет199/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   316
264
 


 
Тісті доңғалақтардың айналу бірқалыптылығы және т.б. 
Жарамды тісті доңғалақтар құрастыруға, олардың ішінде тісті 
доңғалақ жұптарын жүріс бірқалыптылығы, түйіс дағы, бүйір 
саңылау және т.б. параметрлері бойынша жинақтау болуы мүмкін 
дайындау операцияларын өткеннен кейін келіп түседі.
Әдеттегідей, бар тісті доңғалақтарды біліктерге ауыспалы 
қондырма арқылы қосады: Н7/js6 және Н7/к6, Н7/m6 және Н7h6 
қондырмалары 
бойынша 
қосылыстар 
баспақ 
көмегімен 
орындалады.
Тығыз оймакілтекті қосылыстар кезінде қамтылатын бөлшекті 
баспақтаңқыраумен 
80...120°С 
дейін 
қыздырады. 
Оңай 
ажыратылатын және жылжымалы оймакілтекті қосылыстар аздаған 
күшті жұмсаумен немесе қолдан қамтылатын бөлшекті қондырумен 
орындалады. Мұндай қосылыстар соғуды ғана емес, сондай ақ 
қамтылатын бөлшектің оймакілтек бойымен жылжуын бақылайды. 
Тісті доңғалақтарды біліктерге қондыру, бекіту және білікте 
дұрыс орнатылуын тексергеннен соң бұйымды кезекті тексеруге 
жібереді. Біліктерді корпустағы мойынтіректі тіректерге қондыру 
кезінде тісті доңғалақтар бір біріне ілінеді.
Құрастырудың бұл сатысында тісті түйіндесудіге белгіленген 
бүйірлік саңылауды тексереді және қамтамасыз етеді. Бүйір 
саңылауды реттеуга арналған бір құрылымдарда түйіндескен тіс 
доңғалақтарының центраралық қашықтығын өзгерту, ал басқа 
құрылымдарда бүйірлік саңылауды тістің қалыңдығын бір тісті 
доңғалақты (немесе екеуін) өндіру рұқсаты шамасында қалыңдығы 
басқа тіске өзгертумен қамтамасыз етеді.
Тісті түйіндесудегі бүйірлік саңылауды қуыс бұрғымен
индикаторлық аспабы немесе қорғасын сымды тістер арасында 
икемдеумен өлшейді. 3.19 суретінде бүйірлік саңылауды 
индикаторлық аспабы бар құрылғы көмегімен цилиндрлік
тісті берілісті өлшеу сызбасы көрсетілген. Орнатылған 1 тісті 
доңғалағы бар 2 білікте өлшеу аспабының 5 жетектемесі бекітілген. 
Басқа білікте 6 орнатылған екінші тісті 7 доңғалақ бұрылыстан 
бекіту құралдарымен 8 бекітілген. Кронштейнге бекітілген 4 
индикаторлық аспаптың 3 өлшеуіш ұштығы жетектеменің 
белгіленген 
рнына 
тіреледі. 
Индикаторлық 
аспап 
нөлге 
қондырылған. Тісті доңғалақты 1 (қолдан) білікпен бірге өс 
айналасында ақырын тербелту кезінде егер индикаторлық аспаптың 
өлшеуіш ұштығы бөлгіш шеңбердің радиусына тең L қашықтықта 
бекітілетін болса, индикаторлық аспап бүйірлік саңылаудың С 
шамасын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет