Өңделетін беттің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырын алудың
басты шарты - аунақшаға тиісті қысым жасау және оны жасау үшін
материалдың қаттылығы жоғары, тозуға қарсы төзімділігін
пайдалану болып табылады. Осылайша,
аунақшаның жұмыс
бөлігінің ені 3 мм және аунақшаның диаметрі 100 мм-ден аспайтын,
роликтегі қысым күші 50-ден 200-ге дейін өңделетін материалға
байланысты өзгеріп отырады. Жылжымалы бетінің бұдырлығы
Ra
1.25...0.32 мкм және өңдеу дәлдігі 6-шы және 8-ші квалитетті
құрайды.
Аунақшаларға арналған материал ретінде, 58...65 HRC
қаттылығына дейін шыңдалған көміртекті болаттарды және ХВГ,
5ХНЭД және басқа да қоспалаған болаттарды қолдану ұсынылады.
Аунақша, әдетте, білдектің кескіш
ұстағышына немесе білдек
айналдырғысының жақтауына бекітіледі де, айналдырылады.
Аунақша мен өңделетін материалдың арасында туындайтын үйкеліс
күшінің әсерінен, дайындау материалының беті қажетті сапаға
дейін тегістеледі. Аунақшалардың конструктивті түрлерін таңдау
технологиялық мақсаттарға және өңделетін беттің ерекшеліктеріне
байланысты
орындалады.
Осылайша
цилиндрлік
белбеулі
аунақшаларды ұзындық бойымен еркін шығатын дайындамаларды
тегістеу үшін, ал жабық радиусты аунақшаларды цилиндрлік және
қапталды беттерді тегістеу үшін қолданады.
Алдын ала орнатылған қысымның
сақталуын қамтамасыз ету
үшін тегістеу процесі арнайы сорғымен немесе гидравликалық
құрылғылармен басқарылады. Аунақшамен тегістеуге арналған
негізгі технологиялық уақыт үшкірлеу кезіндегі уақытпен бірдей
анықталады. Беріліс 0,1...0,2 мм/айн. шегінде таңдалады.
Табақ металдан жасалған қуыс бөлшектерді-дөңесті-ойысты
конфигурациялы айналу денелерін, цилиндрлік дайындамалардағы
жіңішке мойындарды және басқа да
ұқсас бөліктерді дайындау
кезінде,
сығып шығару әдісі қолданылады, себебі олар үшін арнайы
тартқыш мөрлерді әзірлеу экономикалық тұрғыдан жөнсіз болады.
Бұл әдіс дайындаманың айналмалы қозғалысы үшін және кейбір
жағдайларда өзгеру құралы үшін әдеттегі (бейімделген) білдектерде
және өңдеудің осы түріне арналған білдектерде қолданылады.
1.91-суретінде басында шаригі бар, қарапайым сыққышпен
сығып шығару әдісі көрсетілген.
Сығу білдектерінде сыққанда, дайындама металы жұқарып,
пресстерде созу кезіндегіге қарағанда, қаттырақ қақталады,
сондықтан бірнеше операциялардан
кейін ғана сығылып шығатын
бөлшектерді әдетте аралық жұмсартуға жібереді.
135
1.91 сур. Жұмыр бас қалпақшадан сыққыш
арқылы қысып шығару схемасы:
1 - патрон;
2 - дайындама;
3 - жұмыр бас
қалпақша;
4 - сыққыштың тұтқасы
__________________________________________________________
Сығылатын бөлшектердің бетінде көбіне сыққыштың ізі қалып
қояды, және ол беткі бөлік бұдырлығының 6-шы класына сәйкес
келеді. Одан да жоғары класс нәтижесіне қол жеткізу үшін,
өңделген беткі бөліктің үстімен сыққыш-шаберді жүргізеді, ол
қалыңдығы 0,05...1 мм жіңішке жоңқаны шешіп өтеді.
Бөлшектерді сығудың дәлдігі
әдетте олардың диаметрінің
0,001...0,002 аралығында болады.
Достарыңызбен бөлісу: