Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет99/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   316
1.8.
 
ЕРЕКШЕ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ
 
Металды салқын күйде қысыммен өңдеу. Заманауи машина 
жасау саласында металдың жоңқасын шешіп, кесу әдісі арқылы 
өңдеумен қатар, жоңқаны шешпей өңдейтін бірнеше әдістер де 
қолданылады. Бұл әдістерді қолдана отырып, өңдеудің өнімділігі 
мен дәлдігін, беткі бөліктердің сапасы мен беріктік қасиеттерін 
арттыруға болады. Аталмыш әдістерді металды салқын күйде 
қысыммен өңдеу әдісі мен электрлік өңдеу әдістеріне бөлуге 
болады.
Металдарды қысыммен өңдеу әдістеріне төмендегілер жатады: 
■ 
саңылауларды шарикпен және жақтаумен калибрлеу; 
■ 
қысу немесе созу; 
■ 
жаймалау; 
■ 
беткі бөліктерді тегіс аунақшалармен өңдеу; 
■ 
сығып шығару; 
■ 
бұдырларды бүрлеу; 
■ 
тісті доңғалақтарды бүрлеу; 
■ 
беткі бөліктерді шариктермен қақтау; 
■ 
бытыра ағынды қақтау. 
Шарикпен және жақтаумен калибрлеу әдісімен тегіс цилиндр 
саңылауларын, сондай-ақ қалпына келтірілген қима көлденең 
саңылауларды калибрлейді. Қысқа саңылауларды тегіс жақтауды 
немесе шарикті өңделетін керілген саңылау арқылы итеріп, прессте 
калибрлейді. Калибрлегенде, металл пластикалық түрде түрі 
өзгеріледі, соның нәтижесінде өңделетін саңылаудың диаметрі 
аздап үлкейеді, сонымен қатар беткі бөліктің сапасы мен беріктігі 
артады. Ұзын саңылауларды тартып өңдейтін білдекте өңделетін 
саңылау арқылы калибрлейтін жақтауды өткізіп, калибрлейді.
131 


Ж 

t
* ---------- “|l "j
^Т ------------ ш J
OJJ
д 
1.89-сур. Саңылауларды калибрлеу схемасы:
 
а
-шарикті итеріп кіргізу арқылы; 
б, в
-жақтауды итеріп кіргізу арқылы;
г
-жақтауды 
тарту 
арқылы; 
д
-жақтауды 
қайтымды-ілгерілемелі 
қозғалыспен тарту арқылы 
__________________________________________________________ 
__________________________________________________________ 
Егер де өңделетін дайындамаға немесе калибрлейтін жақтауға 
қосымша айналдыру қозғалысын қосатын болса, бұранда сызығы 
бойынша орналасқан саңылау бөліктерін де калибрлеуге болады. 
Бітеу саңылауларды қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайтын 
жақтаумен калибрлейді. 1.89-суретінде саңылауларды калибрлеудің 
әр түрлі схемалары көрсетілген.
Калибрлеу өңдеу дәлдігін 30...35%-ға арттырып, өңдеу 
қателіктерін түзейді. Сонымен қатар, әр өтпе арасын керетін екі 
немесе үш еселі калибрлеу арқылы да өңдеу дәлдігін арттыруға 
болады.
Калибрлеу сапасы, көбіне, калибрленетін беттің жағдайына 
байланысты болады, себебі өңдеудің бұл түрі беткі бөліктің кедір-
бұдырын жою емес, олардың пластикалық деформациялануына 
тәуелді. Сондықтан, жақсы нәтижелер шығару үшін, калибрлеу 
саңылауын қашап немесе жазып өңдеген дұрыс. Бұл жағдайда 
калибрлеудің нәтижесінде, саңылаулардың дәлдігі 6-шы, 7-ші 
квалитетке дейін жеткізілуі мүмкін.
Калибрлеуде қолданылатын жақтаулармен салыстырғанда, болат 
шариктердің артықшылығы-оларда сансыз көп калибрлейтін 
белбеулер болатындықтан, шариктердің қолдану мерзімі ұзаққа 
жетеді. Сонымен қатар, итеруші күш түсетін жердің ауысуы ауытқу 
мен қиғаштануды тудырмайды. Шариктерді қолдану аясы олардың 
стандарттық өлшемдерімен шектеледі. 
132 


Калибрлейтін жақтауларды бүтін немесе құрама түрде, әр түрлі 
өлшемдегі белбеулерімен әзірлейді.
Беріктік пен тозуға қарсы төзімділігін арттыру үшін, 
калибрлейтін құралды хромдайды немесе азоттандырады, сондай-ақ 
калибрленетін беткі бөліктерді қатты қорытпаның балқымасымен 
қаптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет