Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


жаймалау 1.88-сур. көрсетілген схема бойынша орындалады



Pdf көрінісі
бет98/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   316
жаймалау 1.88-сур. көрсетілген схема бойынша орындалады
 
129
 


1.88-сурет. Бейінді көп унақшалы 
бастиекпен 
оймакілтектерді суық 
жаймалау схемасы
Осы жаймалау әдісі көп аунақшаті басшаны нақтырақ жасауды 
талап етеді. Аспапты басша сегменттер орналасқан шыныққан 
сақинадан тұрады, әр сегментке мойынтіректердегі осьтерде еркін 
айналатын бір бейіндеуші аунақша (схема бойынша - сегіз аунақша) 
орнатылған. Аунақшаларды бір-біріне қарамастан реттейді және 
ауыстырады. Өңделетін дайындаманы қысқыш құрылғысының 
ортасына бекітеді, ал көп аунақшаті басша жылжымайтын 
өңделетін бөлшек осі бойымен нақты белгіленген ұзындыққа 
ауысады.
Осы әдіспен алынған тік бүйірлі оймакілтектерде ені бойынша 
0,07... 0,08 мм ауытқулары болады.
Бейінді аунақшалармен жаймалау барысында пластикалық 
деформацилар өңделетін дайындамаға үлкен тереңдікке өтеді. 
Дайындамалардың қаттылығы 220 НВ артық болмау керек, 
сондықтан жаймалау үрдісінде ол ұзарады, шығарылған металл 
ішінара бөлшектің сыртқы бөлігіне орналасады. Жаймалағаннан 
кейін өңделген бөлшектің сыртқы диаметрі біраз ұлғаяды, 
сондықтан ол сыртынан жылтылдатылу керек.
Көп аунақшалы бастиектермен жаймалау барысында өңделетін 
бөлшектің бет қабаттары 20...30%-ға нығаяды. Аспап басшасының 
төзімділігі 100 мың бөлшекке дейін; ол өңдеудің жоғары өнімді 
әдісі, бірақ әрбір көп аунақшаті басша оймакілтектің тек бір 
мөлшерін өңдеуге ғана арналған.
Егер эвольвентті оймакілтектер саны 16-18-ден аспайтын боса, 
оларды көп аунақшаті басшамен өңдеуге болады; оймакілтектер 
саны көп болған жағдайда, аунақшаларды бастиекке сиғызу мүмкін 
емес.
Төлкенің оймакілтекті тесіктерін алдын ала бұрғылау және 
сыртын кесе отырып, үңгіштеу арқылы өңдейді, содан кейін 
дөңгелек тесікті, одан соң оймакілтектерді тартады. Көптеп 
шығарылатын өндірісте тартымды ұзарту арқылы цилиндрлік бөлік 
пен оймакілтекті созуды кейде бір мезетте бір тарту арқылы 
орындайды. Барлық сыртқы беттерді немесе бөлшектің 
130 


оймакілтекті бөлігімен бір осьті бөліктерді ғана тазалап өңдегеннен 
кейін, термиялық өңдеу жүргізеді, содан кейін оймакілтек бөлігінің 
ішкі диаметрі жылтылдатылады. Осы операция барысында база 
ретінде цилиндрлі бетті қолданады, ол біліктің оймакілтек 
бөлігімен бір осьті болу керек. Ішкі диаметрді ішкі жылтылдату 
білдектерінде жылтылдатады.
Оймакілтек біліктері мен төлкелердің нақтылығын оймакілтекті 
бейінді калибрлер арқылы бақылайды. Кейбір жағдайларда 
оймакілтек білігінің ішкі диаметрін микрометрмен немесе 
оймакілтектерге арналған кесіктері бар шекті сақиналармен, ал ішкі 
диаметрі мен білік мойнының бір осьтілігін - индикатормен 
бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет