Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Жонғыш білдекке арналған құралдар



Pdf көрінісі
бет143/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   316
Жонғыш білдекке арналған құралдар. Жонғыш білдектерде 
қолданылатын білік дайындамаларын қондыру мен бекіту үшін 
құрылғыларды айналмалы мезетті беруге арналған центрлік 
саңылауларда білікті қондыруға арналған құрылғылар және 
біліктерді тірек мойынға бекітуге арналған құрылғылар деп бөлуге 
болады.
Бірінші топқа орталықтар, жетектеме патрондар және люнет 
жатады. Орталықтар тіректік, айналмалы, жетектеме, қалқымалы, 
қалқымалы-жетектеме және т.б. Жұмысшының қосымша уақыты 
мен физикалық күшін минималды жұмсау кезінде орталықта 
тетіктерді автоматтық бекітуді қамтамасыз ететін жетектеме 
қысқының құрылымы жасап шығарылған. Бұл қысқыштарда 
қысқыштарға арналған жұдырықшалардың орнын ауыстыру, кесу 
күші, инерциялық күш немесе пневможетек энергиясы көмегімен 
орындалады. Ұзындығының диаметрге қатынасы 10 жоғары қатты 
емес білікті өңдеу кезінде жеткізу тіректері ретінде білдек 
күймешесі 
немесе 
тұғырға 
бекітілетін қозғалмалы 
және 
қозғалмайтын люнеттер қолданылады.
Екінші топқа өздігінен орталықтандырылған және өздігінен 
орталықтандырылмаған патрондар,
цангалы патрондар және 
сыртқы мойындарды бекітуге арналған біліктер мен консолды 
жақтаулар жатады.
 Біліктерді жонғыш білдектерде сыртқы 
193
 


 
жөрмеу үшін көбіне пневмо- және гидрожетегі, сонымен қатар 
қолдан басқарылатын өздігінен центрлеуші үшжұдырықшалы 
патрон 
қолданылады. 
Бұл 
патрондардағы 
дайындама 
қондырғыларының қателігі 0,1 мм жетеді. Білікті өңдеу кезінде 
қолданылатын цангалық патрондардың дайындаманы нақтылай 
центрлеуде (0,04... 0,06 мм) жұдырықшалы қысқыға қарағанда 
артықшылықтары бар, олар қысылатын бетке зақым келтірмейді 
және 
дайындаманы 
бекіту 
кезінде 
деформациялануды 
қалыптастырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет