Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет162/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   316
219
 


 
Тоқтаусыз жұмыстың орташа уақыты

 
Тоқтап қалу қарқындылығы.
Машинаның төзімділігі – ол машинаның техникалық 
қызмет көрсетудің нақты (дұрыс) шарттарында тозудың шекті 
күйінің түсуіне дейінгі жұмысқа қабілеттілікті сақтау қасиеті. 
Төзімділік, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы жөндеу 
уақытына қажет 
пайдаланудағы 
үзілістерді 
де 
құрайды. 
Машинаның шекті күйі, кезекті қолдану мүмкін болмаған жағдайда 
келеді, оның ішінде қызметкерлер немесе қоршаған ортаның 
қауіпсіздігі себебінен болуы мүмкін. Бұл күй берілген машина үшін 
нормативтік-техникалық құжаттамамен анықталады. 
Машинаның жарамдылығы – ол машинаның нормативтік-
техникалық құжаттамада берілген барлық талаптарға жауап берген 
жағдайдағы күйі. Жұмысқа жарамды машина егер мардымсыз 
ақаулық машинаның қызметіне әсер етпейтін болса, ақаулы болып 
табылуы мүмкін.
Машинаның 
мүкісі 
– 
машинаның 
нормативтік-
техникалық құжаттаманың ең болмаса бір талабына сәйкес келмеуі 
кезіндегі күйі. 
Машинаның жарамды күйден ақаулы күйге ауысуы, 
зақымдану сияқты оқиғамен сипатталады. Машинаның жұмысқа 
жарамжы күйден жұмысқа жарамсыз күйге ауысуы, тоқтап қалу 
сияқты оқиғамен сипатталады. Сәйкесінше тоқтап қалу ол – 
машинаның жұмысқа жарамдылығының ақаулығынан тұратын 
оқиға.
Машина жасау бұйымдарын пайдалану тәжірибесі 
көрсеткендей, олардың сенімділік дәрежесі әрдайым өзгереді.
Машина жасау бұйымдарын пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, 
олардың сенімділік деңгейі әрдайым өзгеріп тұрады. Пайдалану 
мерзімін арттыру қажеттілігі бойынша үздіксіз жұмыс жасау 
ықтималдығы төмендейді. Бұйымның тоқтаусыз жұмыс жасауы 
ықтималдығының сыни деңгейге жетуі кезінде бұйымды 
пайдаланудан алып алады және жөндеуге жібереді. Жөндеуден соң 
бұйымның тоқтаусыз жұмыс жасау ықтималдылығының деңгейі 
біршама артады. 
Бұйымның тоқтап алу қарқындылығын үш кезеңге бөлуге 
болады. 
Бірінші кезеңде уақыт аралығындағы тоқтап қалу 
қарқындылығы күрт төмендейді, өйткені бөлшектердің түйіспе 
беттерін іске кірістіру жүргізіледі және құрастыру кезіндегі 
қателіктермен байланысты кездейсоқ тоқтап қалулар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет