Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет164/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   316
221
 


байланысты жеке бөлшектер болып табылуы мүмкін. 
Мысалы, 
білдек жасау кәсіпорны үшін бұйым ол білдек немесе 
автоматтық желі, бекіткіш бөлшекті жасайтын кәсіпорын үшін ол 
бұрандама, сомын және т.б. Бұйымдардың келесі түрлері 
белгіленген: кешендер және жиынтықтар.
 
Бұйым құрылымы. Машина жасаудың әр дайын бұйымы 
берілген кәсіпорында жасалатын бөлшектерде, бекіткіш бөлшектер 
мен шығыс материалдардан тұрады. Алдын ала құрастыру 
процесінде бұл құрағыш өнімдерді, өз кіріс параметрлері бар 
бұйымның бөлшегі болып табылуы мүмкін құрастырма бірліктерге 
жинайды. Жалы құрастыру кезеңінде құрастырма бірліктер, басқа 
бөлшектермен бірдей машинаның корпусына немесе бір-біріне 
жалғастырылады және тұтас бұйым пайда болады.
 
Бөлшек – құйған корпус, металдың бір кесегінен жасалған 
білік, қалыпталған қалағы құрастыру операцияларын қолданусыз 
бір материалдан (метала немесе бейметелл) жасалған бұйым болып 
табылады.
 
Құрамдас бірлік (торап) деп құрамдас бөліктері өндіруші 
кәсіпорында жалғастырылатын бұйымды атайды. Құрастырма 
бірліктің құрамдас бөлігінің технологиялық белгісі, құрастыру 
мүмкіндігі мен бұйымның басқа элементтерінен бөлектігі. 
Құрамдас бөлік құрылымдық ерекшеліктерге байланысты жеке 
бөлшектерден немесе жоғарғы қатар мен бөлшектердің құрамдас 
бөліктерінен құрылуы мүмкін.
Бірінші, екінші және одан жоғарғы ретті құрамдас бөліктерді 
ажыратады. 
Бұйымдарды құрамдас бөліктерге бөлу техникалық белгі 
бойынша жүргізіледі. Бірінші реттің құрамдас бөлігі бұйымның 
құрамдас бөлігіне кіреді, екінші реттің құрамдас бөлігі – бірінші 
реттің құрамдас бөлігіне кіреді және үшінші реттің құрамдас бөлігі 
мен бөлшектерге және т.б. бөлінеді. Жоғарғы реттің құрамдас бөлігі 
тек қана бөлшектерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет