Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет270/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   316
Дайындама контурының элементтері. Орташа өлшемдегі СББ 
токарьлық білдектерінде өңделетін бөлшектер үшін дайындамалар 
ретінде кішкене және орташа сериялық өндіру жағдайында кесілген 
прокат қолданады. Диаметрлері 50 мм және одан жоғары болғанда 
бір бөлшекке даналық дайындамалар қолданады. Максималды 
диаметрі 50 мм кем бөлшектер үшін бірнеше бөлшекке бір 
дайындаманы қолдануға болады.
Ортасында өңделетін бөлшектер үшін дайындамалар екі 
жағынан центрленуі керек, ал бір шетжағы кесілуі керек. Ұзындығы 
бойынша жіберілетін ауытқулар 0,6 мм артпауы тиіс.
Соғылманың дайындама ретінде қолдануы кезінде бекіту үшін 
қолданылатын үстін алдын-ала жону керек. Жылулық өңдеуге, егер 
ол қажет болса дайындамалар өңдеу алдында СББ токарь білдегінде 
жасалуы керек.
357 


Дайындаманың контуры көбіне тіктөртбұрышты құрайды. 
Балқыту немесе қалыптаманы қолдану кезінде дайындама контуры 
үлгілік болып және шеңбердің тура және доға бөліктерінен бөлшек 
контуры сияқты құрылуы мүмкін.
Бөлшекті 
өңдеу 
әдіптері. 
Токарьлық 
операцияны 
технологиялық жоспарлау басында талап етілетін бөлшектің 
контурының бөлек элменттерін өңдеу нақтылығы мен білдектің 
төлқұжаттық мәліметтерімен үстінің бұдырлығын салыстыру керек 
және осы білдекте соңына дейін өңделмейтін бөлшек үстінің 
учаскелерін анықтау керек. Контурдың сәйкес элементтері үшін 
кейіннен өңдеуге аралық әдіптер тағайындайды және олармен 
сәйкес алдыңғыларды ауыстыратын бөлшек контурының жаңа 
элементтерін құрады.
Өңдеуге әдіптерді анықтаудың екі әдісі бар: тәжірибелі-
статистикалық 
және 
есептеу-аналитикалық. 
Тәжірибелі-
статистикалық әдісі кесте түріндегі жалпыланған ұсыныстар 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет