ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
Куртланд Л. Бове, Джон В. Тилл
Қазіргі бизнес-коммуникация
Коммуникация саласының белгiлi мамандары ұсынтан қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңiлдетуге, белсендi бiлiм алуға мүмкiндiк беретiн, сыни турғыда ойлануды жетiлдiруге кажет теңдессiз механизмдер жиынтығы енгiзiлген. Әр тараудағы нақты оқыту мақсаттары студенттердi материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын калыптастыруға негiз болады. Әр тараудың басы мен аяғында жетекшi компаниялардағы даму сатылары тyрлi мысалдармен берiлiп, карьера жасағысы келген және оны әрi қарай дамытуды көздеген бизнес иелерi үшiн таптырмас бизнес-тәжiрибе үлгiлерi, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған. Сонымен қатар медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейiмделу, клиент тарту, оларға көңiл белу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемiнде коммуникацияның алар орны ерекше екенi кеңiнен баяндалған. Сондай-ак онлайн режимдегi кызметтер де назардан тыс қалмаған. Көпшiлiк алдында сөйлеу дағдысын жетiлдiрiп, әсер қалдыруды, өз ойын жеткiзудi, қобалжу сезiмiн жеңудi үйренгiсi келетiндер үшiн авторлардың берер кеңесi мол.
Кітап менеджмент, PR, коммуникация мамандығында оқитын студенттерге, кеңседе жұмыс iстеуге қажет маңызды iскерлiк дағдыларды қалыптастырғысы келген оқырмандарға, бизнес-карьераға қызығатын көпшiлiкке арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |