Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


  КОМПЬЮТЕРДІҢ ШАЛҒАЙ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет26/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
52
 
КОМПЬЮТЕРДІҢ ШАЛҒАЙ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ 
ДРАЙВЕРЛЕРІН ЖАҢАРТУ  
Жеке  компьютер  мен  желінің  шалғай  құрылғыларының 
және  жабдықтың  жұмысын  бағдарламалық  қолдау.  Шалғай 
құрылдардың  негізгі  мақсаты  –  бағдарламалар  мен  деректердің 
компьютерге өңдеу үшін түсуін, сондай-ақ компьютер жұмысының 
нәтижелерін пайдаланушы қабылдауы үшін жарамды түрде немесе 
басқа  жеке  компьютерге  жіберу  үшін  не  болмаса  өзге  нысанда 
берілуін қамтамасыз ету. 
Шалғай  құрылғылар  ақпаратты  сақтау  және  одан  әрі  қолдану 
үшін  арналған  сыртқы  жадтаушы  құрылғыларын,  машинаның 
жедел  жады  және  ақпарат  тасығыштары,  өзге  жеке  компьютерлер 
немесе  операторлар  арасында  ақпаратты  алмасу  үшін  арналған 
енгізу-шығару  құрылғыларын  қамтиды.  Кіріс  құрылғылары  болуы 
мүмкін:  пернетақта,  дискілік  жүйе,  тінтуір,  модемдер,  микрофон; 
шығыс құрылғылары –  дисплей, принтер, дискілік жүйе, модемдер, 
дыбыстық жүйелер, өзге құрылғылар. Осы құрылғылардың көбімен 
деректер алмасу сандық форматта жүреді. 
Енгізу  құрылғылары  компьютерге  ақпаратты  енгізуге  болатын 
құрылғылар болып табылады. Олардың басты мақсаты –  машинаға 
әсерді іске асыру. Шығарылатын енгізу құрылғыларының түрлілігі 

сезілмеліден  дыбыстыққа  дейін  көптеген  технологияларды
тудырды.  Алайда,  олар  түрлі  принциптер  бойынша  жұмыс  жасаса
да,  бір  міндетті  іске  асыру  –    пайдаланушыға  өз  компьютерімен
байланыс жасауға мүмкіндік беру үшін арналған.
Құрылғының  драйвері—  бұл  ОЖ  басқаруымен  барлық 
операциялар нақты шалғай құрылғыларымен орындалатын жүйелік 
бағдарламалар. 
Құрылғының драйвері екі негізгі деңгейі бар (2.4-сурет). Бірінші 
(үстіңгі)  деңгей  процестерден  жүйелік  шақыруларды  қабылдайды 
және  әр  шақыру  негізінде  сұрауды  қалыптастырады.  Осы  деңгей 
сұрауларды  кезекке  қояды  және  осы  кезектің  тәртіптілігін 
қабылданған қызмет көрсету тәртібіне сәйкес қолдайды. Драйвердің 
екінші  (төменгі)  деңгейі  кезектен  бірінші  сұрауды  таңдайды  және 
оған қызмет көрсетеді: басқарылатын әсерді қалыптастырады және 
оларды құрылғыға жібереді, құрылғыдан тоқтатылуын өңдейді және
 
2.2.
 


53
енгізу-шығарумен  байланысты  жағдайлардың  басталуы  туралы  ОЖ 
ядросын хабардар етеді. 
Драйвер келесідей функцияларды орындайды:
 

шалғай құрылғының бақылаушысының интерфейсін басқару;

супервизор арқылы берілетін үзілістерді өңдеу;

қателіктерді табу және өңдеу.
Әр  драйвер  бір  типтегі  немесе  бір  сыныптағы  құрылғыларды
басқарады. Операциялық жүйеде құрылғының драйвері ғана қандай да бір 
құрылғының  нақты  артықшылықтары  туралы  біледі.  Мысалы,  дискінің 
драйвері 
ғана 
бастиекті 
орнату 
жолдарымен, 
секторларымен, 
цилиндрлерімен,  уақытымен  және  дискінің  дұрыс  жұмысын  қамтамасыз 
ететін өзге факторлармен әстей алады. 
Драйверлер  шалғай  құрылғыларымен  үш  негізгі  тәсіл  арқылы  жұмыс 
істей алады:
 
1) дайындық сұрауы бойынша;
2) үзілістер бойынша;
3) жадыға тікелей қолжеткізілім бойынша.
Дайындық сұрауы бойынша драйвер келесідей іс-қимылды орындайды:

құрылғыдан  тоқтатылуына  рұқсат  етпейді  және  құрылғыдағы
операцияға бастамашылық етеді;

күту жағдайына ауысады;

операциялардың аяқталуын циклдық тұрғысынан тексереді;

соғыстың  аяқталуын  тосып,  орындау  кезінде  қателіктердің  болмауын
тексереді,  үзілістерді  шешеді  және  басқаруды  тоқтатылғын  процеске
қайтарады.
Дайындық  сұрауы  бойынша  ілеспелі  енгізу-шығару  іске  асырылады,
оның кезінде ақпаратты өңдеу және тарату арасында параллельділік жоқ. 
Драйверлердің  осындай  жұмысы  бір  бағдарламалық  бір 
пайдаланушылық 
ОЖ 
қолданылады. 
Құндылығы 
– 
2.4-сурет. Драйвердің құрылымы
 


54
 
қарапайымдылық.  Жеткіліксіздігі  –   
ілеспелі  енгізу-шығару, 
енгізу-шығару және өңдеу арасында параллельділіктің жоқтығы. 
Іс-қимылдың үзілістері бойыншажұмыс жасау кезінде осындай 
реттілікпен орындалады: 
1)
енгізу-шығару  операциясына  бастамашылық  жасалады  және
құрылғылардың үзілістерін шешеді;
2)
басқаруды  тоқтату  сәтіне  дейін  өзге  іс-қимылды  орындау  үшін
орталық процессерге қайтарады;
3)
үзілу  кезінде  өңдеу  бағдарламасына  ауысады,  онда 
енгізу-
шығару қателіктерін тексеріледі және өңдеу аяқталғаннан кейін
үзілген бағдарламаға қайтаруды жүзеге асырады.
Құндылығы 
– 
 
асинхронды 
енгізу-шығару, 
яғни
мультибағдарламалық жүйелерде қолданылатын орталық процессор
мен шалғай құрылғылардың параллельдік жұмысы.
Жадыға  тікелей  қолжеткізілім  бойынша  жұмыс  жасау  кезінде
іс-қимыл келесі тәртіпте орындалады.
1.
Орталық процессор Арнаны іске қосу командасымен арналық
бағдарлама  іске  қосылады,  ол  канал  мен  шалғай  құрылғының 
мекенжайларын  қамтиды.  Осы  сәттен  бастап  арна  мен  орталық 
процессор қатар жұмыс істейді. 
2.
Арна  өз  бағдарламасын  орындайды,  ол  қалыпты  немесе
қателікпен  не  болмаса  орталық  процессордың  Арнаны  тоқтату 
командасы бойынша аяқталады. 
3.
Кез  келген  сәтте  орталық  процессор  Арнаны  тестілеу
командасымен  арналық  бағдарламаны  орындайтын  каналдың 
жағдайын  тексеруге  болады.  Бұл  тексеру  бағдарламаның 
орындалуына әсер етпейді. 
Енгізу-шығару қателіктерін өңдеу мұнда 
енгізу-шығару супервизорымен жүзеге асырылады.
 
 
Windows  құрылғысының  барлық  драйверлерінің  бірдей 
құрылымы  бар.  Әр  драйвердің  драйвер объектісі бар, ол драйверді 
жүктеу кезінде енгізу-шығару диспетчерімен құрылады. 
 
Windows  құрылғысының  драйвері  көптеген  стандартты 
процедураларды  іске  асырады,  бұл  ретте  олардың  кейбіреулері 
орындау  үшін  міндетті,  ал  кейбіреулері  драйвердің  қасиеттеріне 
байланысты міндетті есеп болып табылады. 
Негізгі стандартты процедураларды бөлуге болады. 
1. Міндетті  инициализациялау  рәсімі,  ол  драйвермен  жұмыс
айналасын  дайындау  және  өзіндік  инициализациялау,  құрылғы 
объектілерін ретке келтіру (соның ішінде, оларды драйвердің тиісті 
стектер  тізбесіне  қосу)  үшін  пайдаланылады.  Осы  рәсім  драйверді 
жүктеу кезінде енгізу-шығару диспетчерімен жасалады. 
2.
Файлдарды  оқу,  жазу,  құру  және  жабу  сияқты  белгілі  бір


55
функциялардың 
жұмысын 
қамтамасыз 
ету 
үшін 
диспетчариязациялау  рәсімінің  міндетті  жиынтығы.  Осы  рәсімдер 
енгізу-шығару  диспетчерімен  жасалады  және  енгізу-шығару  сұрау 
пакетінің параметрлері ретінде алады.
 
3. 
Деректерді  физикалық  құрылғыға 
енгізу-шығарылуына 
бастамашылық жасайтын міндетті емес іске қосу рәсімі.
 
4.
Үзіліске  міндетті  емес  қызмет  көрсету  рәсімі.  Физикалық
құрылғылармен өзара әрекет жасайтын драйверлермен қолданылуы 
мүмкін. 
5.
Енгізу-шығару  диспетчерімен  жасалатын  (хабарлама  жасау
тетігі ретінде) міндетті емес аяқтау рәсімі, анағұрлым деңгейі төмен 
драйвер  енгізу-шығару  сұрау  пакетінің  өңделуін  аяқтайды.  Енгізу-
шығарудың 
барлық 
операциясы 
асинхрондық 
ретінде 
өңделгендіктен,  аяқталу  рәсімі  жиі,  әсіресе,  жоғары  деңгейлі 
драйверлерде қолданылады.
 
6. 
Драйверді  түсіру  үшін 
енгізу-шығару  диспетчерімен 
жасалатын міндетті түсіру рәсімі.
 
7.
Жүйеден үзіп тастау туралы міндетті хабарлама жасау рәсімі,
пайдаланушы  жүйенің  жұмысын  аяқтау  туралы  сұраумен 
жүгінгенде, 
енгізу-шығару  диспетчері  драйверді  жұмысты  тез 
аяқтау қажеттілігі туралы хабарлама жасау үшін жасайды. 
 
8.
Қателіктерді  міндетті  емес  хаттама  жасау  рәсімі. 
Енгізу-
шығару сұрау пакетін өңдеу драйвердің құрылымына және пакетте 
енгізу-шығаруды  сұрауына  қарай  түрлі  тәсілдермен  драйвермен 
жасалады. Драйвердің жұмыс жасау түрлері:
 
■ 
сұратылған 
операцияны 
орындау 
және 
IRP(ағылшын 
тіліненI/Orequestpacket,  қосымшалар  мен  драйверлер,  сондай-ақ 
драйвер  және  драйвер  арасында  деректермен  алмасуды 
қамтамасыз  ететін  Windowsядросы  деректерінің  құрылымы) 
өңделуін аяқтау;
 

операция  элементін  орындау  және  анағұрлым  деңгейі  төмен
драйверге 
IRP беру;

анағұрлым деңгейі төмен драйверге 
IRP қарапайым беру;

IRP  бір  пакетін  алуға  жауап  ретінде 
анағұрлым  деңгейі  төмен
драйвер  үшін 
IRP  бірнеше  пакеттерін  генерациялау.  Мысалы,
NTFS  драйверінен  келіп  түскен  файлды  ашу  туралы  сұрауға
жауап  ретінде  драйвер  қажетті  файл  орналасқан  каталог  пен
бағыныңқы  каталогтар  іздеу  үшін  метадеректер  файлын
есептеуді талап етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет