22
қажеттіліктің немесе жаңа ғылыми жетістіктердің туындауы
негізінде пайда болады.
Жаңа жүйенің түптұлғаларының
нұсқалары жүйені құрудың жалпы мақсатын талдау, тапсырыс
берушілердің қажеттіліктерін зерделеу негізінде қалыптастырылады.
Бұл ретте ұқсас отандық жəне шетелдік жүйелердің жай-күйі жəне
даму перспективалары есепке алынады.
Ақпараттық
жүйелерді
əзірлеген
кезде
пəн
саласын
тұжырымдамалық модельдеу маңыздылығы ерекше болады.
Осындай модельдеудің мақсаты — пəн саласының объектілерін
айқындау жəне олар арасында байланыстарды орнату.
Әр қалыптастырылатын жүйе бейнесінің нұсқасы мынадац
сипаттама түрлерін қамтиды:
•
құрылымдық
—
жүйе
элементтері
арасындағы
байланыстардың,
мақсаттарының
жəне
олардың
кеңістікте
орналасуының
сипаттамасы;
•
функционалдық — жүйе шешетін функциялар, міндеттер,
жүйенің жұмыс істеу тəртібі;
•
ақпараттық — кіріс жəне шығыс ақпараттың, жүйеде
айналып жүрген ақпарат ағымдарының, деректерді беру жəне ұсыну
əдістерінің сипаттамасы;
•
параметрлік — жүйені құрған кезде оларды қамтамасыз ету
қажет жүйенің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын сандық
көрсеткіштердің (параметрлердің) тізбесі.
Көрсеткіштерге қойылатын түрлі шектеулер түріндегі талаптар
жаңа жүйе бейнесінің əр зерттелетін нұсқасының тиімділігін
бағалау үдерісінде қалыптастырылады.
Жүйенің синтезі нəтижесінде əзірлеуші өз жүйесі бейнесінің
бірнеше нұсқасын алады. Алынған сипаттамаларды өзара
сəйкестендіру үшін мынадай əрекеттер орындалады:
а) барлық сипаттама түрлерін (құрылымдық, функционалдық,
ақпараттық, параметрикалық)
салыстыру;
б) сипаттамалар арасындағы қайшылықтарды жою;
в) сипаттамаларды
біріктіру, жүйенің қорытынды бейнесін алу.
Сипаттамаларды
салыстыру
құрылымдық
жəне
функционалды орындалады. Алдымен ақпараттық сипаттаманың
үйлесімділігі туралы мəселе шешіледі. Функционалдық сипаттама
блоктарды немесе құрылымдық сипаттау үдерістерін қамту үшін
жеткіліксіз болуы мүмкін, онда оны кеңейту қажет. Жүйенің синтезі
барсында белгіленген барлық құрылымдар функционалды
сипатталуы тиіс. Содан кейін ақпараттық жүйе функционалдық
жəне құрылымдық тұрғыдан қай шамада толықтырылғаны
нақтыланады.
24
Жүйелерді жобалау — болашақ жүйенің барлық жұмыс циклін
қамтитын үдеріс. Бұл ретте оны құру жəне жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен əдістер таңдалады.
Жүйені құрылымдау — жекелеген қосалқы жүйелердің кеңістіктік
орналасуын жəне олар арасындағыөзара əрекеттесу қағидалары
анықтау, бұл жүйенің интерфейсі тұжырымдамасында көрсетіледі.
Жүйені жасау — ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық
қамсыздандыруын, деректер қорын əзірлеу жəне өрістету үдерісі.
Жүйені сынау — жүйенің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Дұрыс
жұмыс істеуін бағалау үшін, нəтижелері күні бұрын белгілі бақылау
тапсырмаларын, сұрау салуларды орындау жолымен жүйенің
бағдарламалық қамсыздандыруы ретке келтіріледі. Содан кейін
жүйе тапсырыс берушіге пайдалануға беріледі.
Жаңғырту жолдарын бағалау — тəжірибелі пайдалану
нəтижесінде ақпараттық жүйе жұмысының тиімділігін бағалау.
Ақпараттық
технологиялар
саласы
айтарлықтай
серпінмен
сипатталады. Бұл ретте бағдарламалық жəне аппараттық
қамсыздандырулар тез моральдық тозуға ұшырайды. «Өмір»
уақытын ұзарту үшін жүйеге өзгерістерді уақтылы енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: