Байланысты: Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
Шешімді қабылдауды қолдау жүйелері. Басқарушылық
шешімдерді қабылдау кезінде қажетті деректерді беру үшін
қолданылатын ақпараттық жүйелер негізгі элемент ретінде деректер
қоймасын пайдаланады. Осындай жүйелерOLAP (On-Line Analysis Pro-
сеssing) шартты белгіні алды.
Кəдімгі деректер қорынан айырмасы, деректер қоймасына түрлі
көздерден алынған ақпарат орналастырылады. Деректер қоймасында
орындалатын негізгі операция — жаңа деректерді қосу. Деректер
үлкен блоктармен үлкен интервалмен қосылады. Бұл ретте түрлі
көздерден түсетін деректер өңделуі жəне жалпы форматқа келтірілуі
тиіс.
Деректер қоймасы технологиясын пайдалану:
а) басқарушылық
шешімдерді
қабылдау
үшін
жүйенің
пайдаланушыларын қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету;
б) ұйым деректерінің моделін құру;
в) түрлі ақпаратқа қол жеткізу үшін ықпалдастырылған деректер
көзін құру.
Деректер қоймасында жиналған ақпараттың мынадай ерекшеліктері
болуы тиіс: