Байланысты: Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
• Ішінде мəндік жүйенің сенімді сипаттамасы болуы тиіс;
• ықпалдастырылған деректерді, яғни түрлі көздерден жиналған
жəне бір форматқа келтірілген деректерді қамтуы тиіс;
• деректер өздері өзгермейді, қоймаға тек жаңа деректер қосылады.
Деректер хронологиялық тəртіппен сақталуы тиіс. Бұл үшін
ақпаратты уақыт бойынша немесе күнтізбелік күн бойынша реттеуге
мүмкіндік беретін арнайы атрибут пайдаланылады. Ақпаратты
хронологиялық тəртіпте орналастыру пайдаланушының сұрау салуына
жауп алу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Транзакцияның өңдеу жүйесінен айырмашылығы, шешімдерді
қабылдау жүйесіне сұрау салу нақты фактіні емес, белгілі бір нəтижені
алуды көздейді. Мысалы, OLTP- жүйеге сұрау салудың құрылымы
мынадай болуы мүмкін: «Күннің басына доллардың рубльге
шаққандағы бағамын шығару». OLAP-жүйеде сұрау салудың
құрылымы мынадай: «Өткен апта ішінде доллардың рубльге
шаққандағы бағамының орташа мағынасы қандай болған».
Деректер қоймасын ұйымдастыру үшін түрлі архитектуралар
пайдаланылады. Деректер қоймасын ұйымдастырудың базалық
тұжырымдамасы — гиперкуб, яғни деректерді сақтаудың көлемді
моделі пайдаланылады. Осындай архитектура сақтаудың үшөлшемді
сақтау технологиясын пайдаланууды көздейді.