133
транзакциялар мониторы енгізіледі.
Бұл ретте TPM екі
функцияны орындайды:
1) желінің серверлеріне жүгінулерді біркелкі үлестіру жолымен
оларға жүктемені теңестіреді;
2) серверлерде орындалатын қосымшалар санын оңтайландырады.
Бірінші функцияны іске асыру үшін клиенттік сұрау салуларды
бағдарлау технологиясы қолданылады. TPM қосалқы жүйесі
динамикалық бағдарлы кестеге жүгінеді жəне клиенттік сұрау салуға
қызмет көрсете алатын бос серверді табады. Бос серверді іздестіру не
оларды кезеңдік сұрастыру, не белгілі бір алгоритм бойынша
жүргізіледі.
Транзакцияларды орындау жылдамдығын оңтайланыру үшін
белсенді серверлік қосымшаларды бақылау жүргізіледі. Сұрау
салуларға қызмет көрсететін серверлік қосымшалар неғұрлым көп
болса, OLTP-жүйелердің əрекет ету жылдамдығы соғұрлым жоғары.
Белсенді серверлік қосымшалардың оңтайлы санын іздестіру үшін
арнайы
коэффициент пайдаланылады, ол мынадай формула бойынша
есептеледі [1]:
онда
Q— кезектегі сұрау салулар саны;
A— жұмыс істеп тұрған сер-
верлік қосымшалар саны.
Егер
M қандай да бір максималды төменгі шекті мəнінен асып кетсе,
онда серверлік қосымшаның көшірмесі іске қосылады. Шекті
минимумге жеткеннен кейін көшірме сервердің жадынан алып
тасталады.
Басқару мехнизмі транзакциялармен қолданатын ақпараттық
жүйелерді əзірлеген кезде түрлі технологиялар пайдаланылуы мүмкін.
SQL сұрау салулар тілі нұсқаларының көбін транзакцияларды
басқару опреаторлары қолдайды:
Достарыңызбен бөлісу: