Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


  Ақпараттық  жүйелерді  әзірлеген  кезде



Pdf көрінісі
бет33/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

2.4. 
Ақпараттық  жүйелерді  әзірлеген  кезде  
CASE-технологияларды пайдалану 
Қазіргі  ақпараттық  жүйелерді    талдау  мен    мен  синтездеу      — 
күрделі үдеріс. Жүйелердің əзірлеушілер жəне жүйелік талдаушылар 
қазіргі  ақпараттық  жүйелердің  ерекшеліктерімен  себептелген 
бірқатар проблемаларға тап болады.    
Мынадай ерекшеліктер белгіленеді: 
а)  ақпараттық жүйелер көптеген қосалқы жүйелерден тұрады; 
б)  əр  қосалқы  жүйе  басқа  қосалқы  жүйелермен  байланысқан, 
жəне де осы байланыстардың сипаты едəуір күрделі; 
в)  күрделі жүйелерді құру үдерісінде аналогтар мен түптұлғалар 
болмауы  мүмкін,  нəтижесінде  əзірлеушілер  ұжымы    жаңа  жобалық 
шешімдерді іздеуге мəжбүр болады; 
г)  жүйеде  жекелеген  қосалқы  жүйелердің  болуы  қосалқы 
жүйелер  арасындағы  өзара  іс-қимыл  қағидаларын  əзірлеу  арқылы 
оларды жүймен ықпалдастыру мəселелерін шешуді талап етеді. 
Ақпараттық  жүйелер  белгілі  бір  платформада  жұмыс  істейді.  
Платформа ретінде  операциялық жүйелер мен ЭЕМ типтері түсініледі. 
ЭЕМ  типі  оны  нақты  пəрмендер  жүйесі  процессор  құрамында 
пайдаланумен  белгіленеді.      Жүйені  əзірлеген  жəне  өрістеткен  кезде 
кейде  кросс-платформалық  қағидатын  есекпе  алу  қажет,  ол  құрылған 
жүйені 
оның 
бағдарламалық 
қамсыздандыруын 
қайта 
компиляциялаусыз  түрлі  платформаларда  пайдалануға  мүмкіндік 
береді. 
Жаңа жүйені құрған кезде əзірлеуші əдетте дайын жүйені жеткілікті 
қысқа мерзімде алуға тырысады.   
Күрделі жүйелерді əзірлеген кезде əдетте жүйені жекелеген қосалқы 
жүйелерге  бөлшектеу  орындалады,  олардың  əрқайсысын  жекелеген 
əзірлеушілер  ұжымы  əзірлейді.    Осындай  тəсілдеме  жекелеген 
əзірлеушілер  ұжымдары  арасындағы  əрекеттерді  үйлестіру  міндетін 
шешуді талап етеді. 
Жүйені  тапсырыс  берушіге  беру  жүйні  əзірлеумен    бірге 
құрылатын белгілі бір құжаттамамен сүйемелденеді. 
Жүйені  пайдалану  үдерісінде  орындаушы  тапсырыс  берушіге 
құрылған жүйені қолдаумен байланысты қызметтерді көрсетеді. Бұл 
ретте  жүйені  техникалық  қолдау,  персоналды  оқыту,  жүйені 
 
 


60 
 
жаңғырту, бөлшектеу сияқты міндеттер шешіледі.   Осы кезеңдердің 
əрқайсысы  белгілі  бір  құжаттаманы  шығаруды  жəне  жүйенің 
бағдарламалық қамсыздандыруына өзгерістер енгізуді талап етеді.    
Белгіленген  проблемаларды  шешуді  автоматтандыру  жəне 
ақпараттық  жүйелердің  ерекшеліктерін  есекпе  алу  үшін  оларды 
талдау    жəне  синтездеу  үдерісінде  бағдарламалық-технологиялық 
құралдар кешені пайдаланылады. Осындай кешен  CASE-құралдары 
(Computer  Aided  Sоftwаrе  Engineering)      деп  аталатын  болды.  бұдан 
бұрын  баяндалғанды  ескере  отырып,  ақпараттық  жүйелерді  жəне 
осындай  жүйелерге  арналған  бақдарламалық  қамсыздандыруды 
құрудың белгілі бір технологиясы туралы айтуға болады.    
Жұмыста  [7]  мынадай  анықтама  келтірілген:  CASE-  технология 
жобалаудың  əдістемесі,  сондай-ақ  жүйенің  мəндік  саласын  көрнекі 
түрде модельдеуге, осы модельді əзірлеудің жəне сүймелдеудің барлық 
кезеңдерінде 
талдауға 
жəне 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
пайдаланушылардың  ақпараттық  қажеттіліктеріне  сəйкес  əзірлеуге 
мүмкіндік беретін аспаптық құралдар жинағы болып табылады.    
CASE-құралдарды  ойдағыдай  енгізу  үшін  əзірлеуші-ұйымның 
мынадай мүмкіндіктері болуы тиіс: 
• 
Бар мүмкіндіктердің тапшылығын түсіну жəне жаңа технологияны 
қабылдау қабілеттігі; 
• 
Жаңа  үдерістерді  жəне  əзірлеушілер  мен  пайдаланушылар 
арасындағы өзара қатынастарды енгізуге дайындығы
• 
 Енгізудің  ең  маңызды  кезеңдеріне  жəне  үдерістеріне  қатысты 
анық басшылық ету жəне ұйымдастырушылық қабілеті. 
CASE-жобалау  технологиясы  үш  құрастырушыны  пайдалануда 
негізделеді:  жобалаудың  əдіснамасын,  нотацияларды,  аспаптық 
құралдарды. 
Әдіснама  ақпараттық  жүйелерді  талдауды  немесе  синтездеуді 
жүргізу қағидаларын белгілейді. 
Нотация  CASE-үдерісте  пайдаланылатын  құжаттар  түрін  оларды 
ұсыну нысандарын белгілейді.   Нотация негізінде жүйе құрылымының 
элементтерін,  үдерістерін    жəне  оның  мəндік  саласын  көрсетудің 
графикалық  тілі  жатыр.  Осы  тіл  көмегімен  мазмұнын  диаграммалар 
құратын құжаттар жасалады.     
Аспаптық  құралдар  —  белгілі  бір  əдіснаманы  жəне  нотацияны 
іске асыратын бағдарламалық жəне аппараттық құралдар.   
Жалпы CASE-құралдар құрамында  мынадай қосалқы жүйелерді  
белгілеуге  болады:  репозиторий  (қойма),  əкімшілік,  жобаны 
құжаттау;  диаграммалардың  графикалық  редакторы    жəне 
олардытексеру қосалқы жүйесі; сервистік.    CASE-құралдар негізін   
репозиторий  құрады.  Ол  жобалау  жүйесінің  деректер  қоры  болып 
табылады, онда əдетте: 


61 
 
а)  жобаның 
түрлі 
бөліктеріне 
қолжетімдік 
құқықтары 
көрсетілген əзірлеушілер тізімі; 
в)  белгілі бір нотацияда құрылған диаграммалар
г)  деректердің сипаттамалары; 
д)  жүйенің деректері арасындағы байланыстардың сипаттамасы; 
е)  жүйенің бағдарламалық кодының модульдерісақталады. 
Әкімшілік  қосалқы  жүйесін  əзірлеушілер  тарапынан  жобаның 
түрлі бөліктеріне қолжетімді құқықтарын басқару міндеттерін шешу
бастапқы  деректерді   жəне  жүйеге қойылатын талаптарды  сипаттау 
үшін  құжаттаманы  жасау,  сондай-ақ  жүйені  құру  үдерісін  бақылау 
үшін  пайдаланады.   
Жобаны  құжаттау  қосалқы  жүйесі    жобаның  əкімшілеріне 
жүйені  құру  үдерісі  туралы  жедел  ақпаратты  есептер  түрінде  алуға 
мүмкіндік береді.  
Диаграммалардың графикалық редакторы және оларды тексеру 
қосалқы  жүйесі    жүйенің  əзірлеушілеріне  ЭЕМ  көмегімен    белгілі 
бір  нотацияда  диаграммаларды  құруға  жəне  оларды  тексеруді 
орындауға мүмкіндік береді.    
Сервистік  қосалқы  жүйесі      жүйенің  репозиториіне  қызмет 
көрсетуге 
арналған. 
Ол 
əзірлеушілерге 
деректер 
қорын 
мұрағаттандыру,  іркілістерден  кейін  оны  қалпына  келтіру  сияқты 
функцияларды ұсынады.   
Қазіргі  CASE-жүйелер  алты  негізгі  белгілер  бойынша 
сыныпталады   (2.11-кесте). 
2.11-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет