Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет24/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

 
Жүйені  бӛлшектеу.  Пайдаланушы  немесе  сүйемелдеуші  ұйым 
тарапынан  қолданыстағыжүйені  бесленді  қолдауды  тоқтатуы,  оны 
жаңа жүйемен ішінара немесе толық ауыстыру немесе жаңғыртылған 
жүйені қолданысқа енгізу жүйені бӛлшектеу деп аталады.    


42 
 
Жүйенің  өмір  циклі  уақты  ішінде  өтетін  бірқатар  үдерістерді 
қамтиды.  ISO  12207      стандартында  мынадай  үдерістер  белгіленген: 
жүйеге  тапсырыс  беру,  жүйені  тұтынушыға  жеткізу,  жүйені  əзірлеу, 
пайдалану үдерісі, соның ішінде жүйені сүйемелдеу. 
Жүйеге  тапсырыс  беру  мынадай  жұмыстарды  орындауды 
көздейді: 
• 
тапсырысты орындауға дайындалу; 
• 
мердігерлікке өтінімді дайындау; 
• 
шартты дайынау жəне түзету; 
• 
жеткізушіні бақылау; 
• 
шарттарды қабылдау жəне жабу. 
Бұл  ретте  тапсырыс  беруші  тəуекелді  жəне  құндық  шығындарды 
есепке ала отырып, ең оңтайлы таңдау жасау мақсатында тапсырысты 
іске  асыру  нұсқаларын  қарап  шығу  қажет  екендігі  белгіленеді. 
Мынадай нұсқаларды талдап шығу ұсынылады: белгілі бір талаптарға 
сəйкес  келетін  дайын  жүйені  сатып  алу;  жүйені  өз  күшімен  əзірлеу; 
жүйені шарттық негізде əзірлеу; қолданыстағы жүйені жаңғырту. 
Дайын  бағдарламалық  өнімді  сатып  алған  кезде  мынадай 
шарттарға назар аудару қажет: жүйе қойылған талаптарға сай;   тиісті 
құжаттамасы бар; меншік, пайдалану, лицензиялау жəне кепілдік беру 
құқықтары сақталған; жүйені кейіннен қолдау көзделген. 
Тапсырыс  беруші  тапсырыс  жоспарын  дайындауға,  құжаттық 
рəсімдеуге жəне орындауға тиіс.  Жоспарда: 
• 
жүйеге қойылатын талаптар; 
• 
жүйенің жоспарланатын жүктемесі; 
• 
іске асырылатын шарттың түрі; 
• 
шартқа қатысатын ұйымдардың міндеттері; 
• 
шартты іске асыру тəсілдемелерін қамтамасыз ету; 
• 
ықтимал  қатерлі  оқиғаларды  талдау,  сондай-ақ  осындай 
оқиғаларды басқару  əдістері болуы тиіс. 
Тапсырыс  беруші  жүйеге  қойылатын  талаптарды  құжаттық 
рəсімдеуге  тиіс.  Талаптар  енгізілген  құжаттама  жүйеге  қойылатын 
негізгі  талаптарды  қамтуы  тиіс:  жүйені  қолдану  саласының 
сипаттамасын; бағдарламалық өнімдер тізімін; тапсырысты іске асыру 
мерзімдері мен шарттарын; техникалық шектеулерді.   
Жүйені  тұтынушыға  жеткізу  мынадай  жұмыстарды  орындауды 
көздейді: 
• 
жүйені əзірлеуге дайындалу; 
• 
шартты дайындау; 
• 
жұмыстарды жоспарлау; 
• 
орындау жəне бақылау; 
• 
тексеру жəне бақылау; 
• 
жеткізу жəне шартты жабу. 


43 
 
Жоспарлауға талаптар белгіленгеннен кейін жеткізуші əр нұсқаны 
іске  асырған  кездегі  қатерлерін  талдау  нəтижелерін  салыстырып, 
жүйені  əзірлеу  нұсқаларын  қарастыруға  тиіс.      Бұл  ретте  мынадай 
нұсқалар  талданады:  жеткізушінің  ішкі  ресурстарын  пайдалана 
отырып,  бағдарламалық  өнімді  əзірлеу  немесе  бағдарламалық 
қызметті  ұсыну;  қосалқы  мердігерлік  шарттарды  жасасып, 
бағдарламалық өнімді əзірлеу немесе бағдарламалық қызметті ұсыну; 
ішкі немесе сыртқы бағдарламалық қамсызандыруды əзірлеушілерден 
дайын бағдарламалық өнімдерді алу. 
Жүйені әзірлеу мынадай жұмыстарды орындауды көздейді: 
• 
бастапқы жұмыстар; 
• 
жүйеге қойылатын талаптарды талдау; 
• 
жүйелік архитектураны жобалау; 
• 
бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптарды талдау; 
• 
бағдарламалық архитектураны жобалау; 
• 
бағдарламалық құралдар техникалықжобалау; 
• 
бағдарламалық құралдарды бағдарламалау жəне тестілеу; 
• 
бағдарламалық құралдарды жинау; 
• 
бағдарламалық құралдарды біліктілік сынау; 
• 
жүйені жинау; 
• 
жүйені біліктілік сынау; 
• 
бағдарламалық құралдарды іске қосу; 
• 
бағдарламалық құралдарды қабылдауды қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет