8
онда
Z— жүйенің күйлері жиыны;
z
4
— жүй өлшемінің мағынасы.
Егер жүйені басқару үдерісінде күй өлшемдері қандай да бір
тұрақты мағыналарға ие болуы тиіс болса, онда жүйенің осындай
күйі
гомеостазис деп аталады.
Құрылымы тұрғысынан қарапайым, күрделі жəне үлкен жүйелер
белгіленеді.
Қарапайым жүйелер белгілі бір элементтер жинағынан
тұрады.
Күрделі жүйелер жекелеген қосалқы жүйелерді қамтиды, ал
үлкен жүйелер бір бірімен өзара əрекеттесетін кеңістікте
үлестірілген күрделі жүйелердің жиынтығы болып табылады.
Техникалық басқару жүйелері — бұл элементтер ретінде
техникалық құрылғыларды қамтитын жəне біршама уақыт аралығы
ішінде адамның қатысуынсыз жұмыс істей алатын жүйелер.
Осындай басқару жүйелерінің мынадай ерекшеліктері бар:
•
анық белгіленген жалғыз басқару мақсаты;
•
басқару контурында адамның болмауы;
•
бастапқы деректердің жеткілікті жоғары анықтығы жəне
жұмыс істеу үдерісін нысандандыру мүмкіндігі.
Техникалық жүйелерде басқару объектісін жəне басқарушы
жүйені оңай айырып алуға болады.
Автоматтандырылған басқару жүйелері— бұл элементтер
ретінде техникалық жүйелерді де, сондай-ақ осы жүйелермен өзара
əрекеттесетін персоналды да қамтитын жүйелер.
Ұйымдық жүйелер қоғамды пайда болады. Осындай жүйе
ретінде белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметі саналы түрде
үйлестірілетін адамдар ұжымы танылады.
Достарыңызбен бөлісу: