15
сипаттамалары байланыс арналарының тезəрекеттігі жəне өткізу
қабілеттігі болып табылады.
Ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаты түпкі пайдаланушыға
ақпаратты беруде тұрады. Ақпараттық-іздестіру жүйелерінде бұл
мақсатта арнайы сұрау салу тілі қолданылады. Сондықтан осындай
жүйелердің жұмысын талдаған кезде екі талдау түрі ерекше мəнге ие
болады: функционалдық жəне ақпараттық.
Ф у н к ц и о н а л д ы қ т а л д а у оның жұмысының тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мынадай көрсеткіштер негізгі
маңызға ие болады:
•
жүйеге түпкі пайдаланушыға ақпараттық ресурсты беру үшін
қажетті уақыт;
•
алынған нəтижелердің пайдаланушының сұрау салуына сəйкестігі
дəрежесі;
•
оларды пайдалану пайдаланушының сұрай салуын өңдеу үшін
қажетті есептеуіш ресурстар;
•
өткізу қабілеттілігі, яғни жүйе уақыт шамасы ішінде өңдейтін
құжаттар жəне ақпараттық сұрау салулар саны.
Жүйенің ӛнімділігі пайдаланушылар санын жəне олар тарапынан
жүйеге жүгіну жиілігін сипаттайды.
Сенімділік — бұл жүйенің берілген жағдайларда талап етілетін
уақыт ішінде өз функцияларын орындау ықтималдығы.
Сондай-ақ, жүйе қызмет көрсететін ақпараттық сұрай салулардың
типтерін есепке алу қажет.
Алынған ақпараттың сапасын бағалау əдістемелерінің бірі [1]
пайдаланушыға құжаттарды беру үдерісін сипаттайтын жалпыланған
көрсеткіштер жинағына негізделген. Осындай тəсілдеме кезінде
мынадай құжаттар ауқымы белгіленеді (1.1 кесте):
•
A— берілген релеванттық құжаттар ауқымы;
•
В — берілген релеванттық емес құжаттар ауқымы;
•
С — берілмеген релеванттық құжаттар ауқымы;
•
D— берілмеген релеванттық емес құжаттар ауқымы.
Достарыңызбен бөлісу: