Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет6/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220
7
 
 
Бұл  оқулық  ең  алдымен  орта  білім  беретін  мекемелердің 
студенттеріне,  қолданбалы  бағдарламашыларына  және  операциялық 
жүйелердің  пайдаланушыларына  арналған,  алайда  ол  ОЖ  ортасында 
бағдарламалау және әкімгерлік мәселелерін де қозғайды. 
 
Оқулықта айтылған ақпараттардың көп бөлігі UNIX және Windows 
буының операциялық жүйелерінде бар жалпы механизмдер мысалында 
беріледі.  Материалдардың  жарты  бөлігі  DOS  тобының  операциялық 
жүйелері  үшін  де  қолданылады  (Windows  арналған  тапсырмалар 
бөлімі).
 
Негізгі оқу операциялық жүйе ретінде кең таралған ОЖ Linux және  
Windows  7  операциялық  жүйесі  қарастырылады,  дегенмен,  кітаптағы 
материалдардың  көп  бөлігі  UNIX-жүйесі  және  NT  тобының  Windows 
барлық негізгі нұсқаларына қолданылады.
 
Оқулық үш бөлімнен және қосымшадан тұрады:
 
■ 
кіріспе  терминологиясы  алдағы  тарауларда  айтылатын  ақпараттың 
барлығына  сүйенетін  операциялық  жүйелердің    жұмыс  жасау 
қағидасы мен негізгі түсініктерінің анықтамасынан тұрады; 
 
■ 
1  —  6  тараулар  оқырманға  операциялық  жүйелер  сүйемелдейтін 
объектілердің: жады, файлдар, пайдаланушылар, тапсырмалар және 
олармен жұмыс жасау тәсілдері даму тарихының деңгейлері туралы 
түсінік қалыптастырады;
 
■ 
7 — 10 тараулар оқырманның файлдар мен пайдаланушылар туралы 
білімін  тереңдетеді,  ОЖ  әкімшіліктендіру  мәселелерін  қозғайды.  
Сонымен  қатар  UNIX  және  Windows  операциялық  жүйелер 
сүйемелдейтін  процесстердің  бір-бірімен  байланысу  және  оларды 
басқару механизмдерін қарастыру сұрақтары енгізілген;
 
■ 
Қосымша  «Білімді  бақылау»  жүйесі  каталогының  құрылымы 
бойынша және UNIX операциялық жүйелердің негізгі командалары 
бойынша анықтамалық ақпараттан тұрады.
 
Оқулықтың  әр  тарауы  өзін-өзі  тексеруге  арналған  бақылау 
сұрақтарымен аяқталады. 
 
Кітап  көлемінің  шектеулігінен  кітапта  мынадай  сұрақтар 
қарастырылмаған:
 
■ 
ОЖ генерациясы (ядро конфигурациясы, әкімшілендіру)
 
[3];
 
■ 
графикалық интерфейстер (X Window System) [2];
 
■ 
бағдарламалардың жиі қолданылатын қолданбалы пакеттері;
 
■ 
гетеорогенді жүйе және ортаны ұйымдастыру сипаттамасы  [17];
 
■ 
ядро, құрылғы драйверлерінің қосымша құрауыштарын жасау [16];


■ 
нақты уақыт жүйесінде операциялық жүйелердегі 
бағдарламалаудың сипаттамалары [9];
 
■ 
микроядерлік архитектуралар [15];
 
■ 
әртүрлі байланыс хаттамалары негізінде желілік қосымшалар жасау 
[10].
 
Бұл тақырыптардың барлығын қызығушылық танытқан оқырманға 
өз бетімен зерттеу ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет