Марал Зейнел-Ғабиқызы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата30.12.2016
өлшемі4,59 Mb.
#750
  1   2   3   4   5   6   7

 

Марал Зейнел-Ғабиқызы 
 
 
 
 
Сырлы сезім
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ББК 84 Қаз7-5 
О – 78 
 
 
Алғысӛзін жазған Серік Тұрғынбеков 
Жауапты редакторы  
 
 
 
Марал Зейнел-Ғабиқызы 
(Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы) 
 
Сырлы сезім: (ӛлеңдер жинағы) Петропавл, 2006 148 бет  
(қазақ тілінде) 
 
ISBN 9965-27-214-X 
 
 
Бұл жинақтың авторы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова – осы 
Қызылжардың тумасы, мамандығы  – дәрігер, ақын, журналист.  
Марал  әрбір ақынжанды қазақ қызына тән мінезбен ойға келіп 
қалған  шумақтарды  қағазға  түсіріп  жүреді.  Жинақтағы 
ӛлеңдердің риясыз шын жүректен шыққандығын оқырман ӛзі де 
байқар.  Маралдың  сыр  сандығындағы  бұйымдар  кітап  түрінде 
қалың оқырманға толық ұсынылып отыр. 
 
 
ББК 84 Қаз7-5 
 
 
 
 
 
 
ISBN 9965-27-214-X                              
 ©
   Оспанова М.О., 2006 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
Ел-жұртыма арнаймын 
 
Марал, 2006 ж. 
Қызылжар қаласы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Аңсамаймын аралдарын Канардың. 
Дәмі тартса мен де бірде барармын. 
Таңда десе – таңғажайып мекен-жай, 
Бақ-тұрағым, ӛз Елімді қалармын! 
 
 
 
 
 
І БӚЛІМ 
 
Бақ-тұрағым, 
ӛз Елім 

 

 Қызылжардың бір тал гүлі. 
 
 
Біздің қазақта батыр қыздар да, ақын қыздар да аз болмағаны 
белгілі.  Олардың  әрқайсысы  ӛзінше  бір  ӛмір-дастан,  зерттеп, 
зерделей бастаса ӛзінше бір әлем екендігі әмбеге аян. 
Кешегі Ләйлім шырақ, Ақтоқты, Балқадиша апаларының ізінен 
гүл  боп  ӛнген  Марал  қарындастың  Есілдің  ерке  самалындай 
жанға  жайлы  жайсаң  жырлары  сол  бір  аруларды  аңсаған, 
үздігіп үзілген жүректің арманды сазындай естіледі. 
Марал Зейнел-Ғабиқызының ӛлеңдерін оқып отырып, ӛзіңше бір 
нұрлы  әлемнің  есігін  ашқандай,  қилы  қиял  құшағына  беріліп, 
ақын  қызбен  бірге  сырласасың,  мұңдасасың,  толқынды 
тебіреністі  күй  кешесің.  Ол  қай  тақырыпты  жырласа  да,  ӛз 
кӛңіл кӛзімен, жүрек дүрсілімен тіл қатады. Бірде ол ардақты 
анасының  асыл  қасиетін  әспеттесе,  енді  бірде  інісімен  кӛңіл-
күйін  бӛліссе,  ақын  ағасымен  ағынан  жарылып,  ашық 
сырласады.  Міне,  осының  бәрі  ақын  қыздың  тар  кеудесінен 
бұлқына  соққан  кішкене  жүрегінің  үлкен  тебіренісі  екендігіне 
тәнті  боласың.  Сол  «кішкентай  жүрек»  үлкен  жүк  кӛтеріп, 
ұлт тағдыры, адамзат дүниесінің асыл қасиеттеріне қатысты 
ақындық лебізін жан айқайымен жеткізеді. 
«Шешенстан! 
Мен ӛзіңмен біргемін, 
Қайғы жұтып қабырғасы сӛгілген.  
Алқызыл қан Азаттықтың жолында, 
Текке кетпес – теңіздей боп тӛгілген!» - деп тебіренеді. 
Міне,  ақындық  сезім  мен  батырлық  жігердің,  қыз  намысының 
қыж-қыж  қайнаған  шабысты  жүрек  бұлқынысының  бір  сәті 
осылай ӛрнек табады. Ал шын мәніне келгенде Марал махаббат 
жыршысы,  ӛзі  сол  махаббаттың  бір  нәзік  гүлі.  Сол  гүлдің 
жерден нәр, күнен нұр алып, құлпырып, кӛктеп, ӛсіп-ӛніп ӛркен 
жая беруіне тілектес болайық, ағайын! 
 
Ақын, «АЛАШ» сыйлығының иегері – Серік Тұрғынбек. 
 

 

Ата заңым ардақтым 
 
 
Қазақстан-оттан ыстық Отаным! 
Бауырыңда ойнақтаған ботаңмын 
Елім десем, ет-жүрегім елжіреп, 
Ӛз тілімнің бал-шырынын татамын. 
 
Ата заңның аясында еркінмін. 
Сәні кірді бӛркімнің де, кӛркімнің. 
Ұлттық сана, ӛнер, білім ӛркендеп, 
Қайда барса жолы ашық әркімнің. 
 
Қуанамын әр бір  атқан таңыма, 
Жыр құйылып, ән орнайды жаныма. 
Сүйсінемін жер жаннаты жеріме, 
Қайсар мінез, қажымайтын халқыма. 
 
Тӛбесінде кең даламның кӛлбеген 
Желбіресін кӛк байрағы желменен. 
Алтын заңы-ата заңы әрқашан 
Бақ сынасын терезесі теңменен. 
 
Азат елдің алтын заңын құрметтеп, 
Ӛту бізге ӛмір бойы болсын серт. 
Жаратқанның шапағаты мол болып, 
Жүректерге нұр-сәулесі толсын тек. 
 
Ата заңым Елдігімнің белгісі
Қазағымның қасиетті болмысы. 
Ата заңым ақыл-ойдың жемісі, 
Таба алмайсың кем-кетігін, олқысын. 
 
Күн астында, жер бетінде еркінмін, 
Еркін елде арманы жоқ ешкімнің. 
Атқан таңға қуанамын шаттанып, 
Ерке қызы сезінемін халқымның. 
 

 

Жан аямай еңбек етіп келемін. 
Туған жерде желдей есіп, желемін. 
Бақыттымын, алаңсызбын сәбидей, 
Ертеңіме күмәнім жоқ сенемін. 
 
Сӛз бастаймын жасқанбаймын, сайраймын, 
Қорқып-үркіп кӛңіліме алмаймын. 
«Тура биде» туыс жоқ қой қашанда, 
Сӛз келгенде іркіліп мен қалмаймын. 
 
Соның бәрі Ата заңның аясы, 
Бар халыққа қамқорлығы саясы. 
Ӛсе берсін мәртебесі елімнің, 
Ӛсе берсін қазағымның баласы! 
 
Қызыр келіп, бақыт қонсын  басына, 
Ғұмыр берсін кәрісіне, жасына. 
Ата заңның әр бір сӛзін ардақтап, 
Сай болайық Қазақ елі атына! 
 
 
 
 
 
 
Ӛз елімді қалармын. 
 
Шолғыншыдай шолып шықсам жер бетін, 
Араласам тӛрткүл дүние тӛрт шетін, 
Елден ерек мегаполис қалалар, 
Ұмыттырмас ауылымның келбетін. 
 
Мүмкін айтар, кімге керек ауылың, 
Кӛзі қысық сенің қара бауырың? 
Жан-жүрегім соларға тек езілер, 
Болғаннан соң кіндігім бір,тамырым. 
 
Елден жырақ ұзап шыққым келмейді, 
Кӛңіліме кірсін менің «жел» мейлі. 
Таңғажайып бӛгде елдің мекені, 
Болмас маған ӛз даламдай мерейлі. 

 

 
Саяхаттап кетсем егер ел кезіп, 
Дәм татармын, отырармын бел шешіп. 
Болмас бірақ дәм-тұзымдай ӛзімнің, 
Қонағыммен бірге жеген кештетіп. 
 
Басқа жұрттың жақсы сӛзін естісем, 
Бар жаныммен ән-күйіне елтісем, 
Қазағымды толғандырып,толқытқан, 
«Қарағымға» қалай ғана жеткізем?!. 
 
Аңсамаймын аралдарын Канардың, 
Дәмі тартса мен де бірде барармын. 
Таңда десе таңғажайып мекен-жай, 
Бақ-тұрағым ӛз Елімді қалармын. 
 
 
Отаным десем…. 
 
Отаным десем, жүрегім менің езілер, 
Отаным десем, жанардан жасым тӛгілер 
Отаным десем, қуаныш кернеп кеудемді 
Жүрегім соғып, кӛңілде лаулар сезімдер. 
 
Отаным десем, кӛлбейді жасыл белестер. 
Ӛреміз біздің ӛзгемен ертең теңесер, 
Отаным десем, мақтанып, тасып, тебіренем, 
Тек сонда менің айдарымнан жел есер! 
 
Отаным десем, егіліп жаным елеңдер. 
Шабытым шалқып, оралар ойға ӛлеңдер, 
Отаным десем, қиялым ұшып қияға, 
Бақытты елдің ертеңі әркез елестер. 
 
 

 
10 
 
Тәуелсiздiк күнiне 
 
Тәуелсiздiк - ӛмiр сүру жасқанбай 
Тәуелсiздiк – биiк ұғым аспандай 
Тәуелсiздiк – адамзаттың арманы 
Жарқыраған сәулесi мол ақ таңдай. 
 
Бүгiнгi күн қараймын мен қызыға, 
Желбiреген Тәуелсiздiк туына. 
Кӛкiректi кернеп шексiз қуаныш 
Бусанамын бақытымның буына. 
 
Ел басынан қыйлы кезең ӛттi шын 
Ұмытпайды ақ патшаның тепкiсiн. 
Қырып салған «қызыл қырғын» аяусыз, 
Балқаймағын, зиялысын, тектiсiн. 
 
Тәуелсiздiк арман еткен қазағым. 
Кӛрген қиын жаугершiлiк азабын. 
Жүктi әйелдiң iшiн жарып қалмақтар, 
Нәрестесiн найзаға iлген мазағын. 
 
Дiнсiздiктi санамызға сiңiрдi. 
Ұмыттырды туған ана тiлiмдi. 
Адастырды азаттықтың жолынан, 
Болды сәттер айта алмайтын шыныңды. 
 
Халқым, мiне, қайта түлеп сiлкiндi, 
Жаңа ӛмiрге, жақсылыққа ұмтылды. 
Жаратушы құдiрет күш шын қолдап, 
Танып, бiлдi басқа халық ұлтымды. 
 
Қонды бiздiң басымызға бақ құсы, 
Қуанбаған шаттанбаған жоқ кiсi. 
Тәуелсiздiк құтты болсын, халайық, 
Бейбiт ӛмiр тыныш болсын ел iшi! 
 
 
 

 
11 
Елім менің 
 
Қазақ елі – туған елім – сен анам, 
Сені жырлап, толғанады бір балаң, 
Қайда жүрсем жүрегімнің тӛрінде, 
Кӛлбеп жатқан кӛгілдір тау, кең далам. 
 
Шалқар кӛлім, орман, тоғай, ӛзендер, 
Бүлдіргенді жасыл жайлау, белеңдер, 
Тӛрт түлігі тӛскейінде жайылып, 
Қозы-лағы кӛрік берген кӛгендер. 
 
Жазғытұрғы қара мақпал түні де, 
Шілдедегі аптап ыстық күні де, 
Жүрегіме жақын, маған саңқылдап, 
Кӛлде жүзген аққу-қаздың үні де. 
 
Жырақ жүрсем асығамын жетуге, 
Ән мен күйін, әсем жырын естуге, 
Қазағымның қасиетін дәріптеп, 
Серт еткенмін ӛмір бойы ӛтуге. 
 
Құдірет күш момын етіп жаратқан. 
Дүниеге жақсы кӛзбен қаратқан, 
Қайырымды, мейрімді қазағым, 
Жауға ғана берен мылтық дӛп атқан. 
 
Кең даламдай шексіз халық кӛңілі, 
Ӛзгелерге үлгі болған ӛмірі. 
Қамқор болып жетім-жесір, босқынға 
Бар халыққа мекен болған ӛңірі. 
 
Қазақ елі - ӛскен жерім- сен анам
Бір ӛзіңе арнап талай жыр жазам. 
Бейбіт ӛмір, еселі еңбек тілеймін. 
Тарылмасын гүлжазира кең далам! 
 
 
 
 

 
12 
Тәуелсiздiкке арналған салтанатқа 
 
 
Армысыздар, замандастар,қандастар, 
Бармысыздар, азаматтар, ел бастар! 
Құтты болсын Тәуелсiздiк мейрамы, 
Алып келдiк Қызылжардан тойбастар. 
 
Ауданымыз Қызылжардай ӛңiрде, 
Таққандаймыз қызыл гүлдi ӛңiрге. 
Бүгiнгi күн бақыт құсы сайрайды, 
Орнағандай кӛктем келiп кӛңiлге. 
 
Тәуелсiздiк – қандай биiк, тәттi ұғым. 
Тәуелсiздiк – қуанышым, шаттығым. 
Еркiндiгiм, ана тiлiм – аяулым, 
Аңсауменен жеткен қолы халқымның. 
 
Намыс, жiгер, сана-сезiм оянды. 
Ӛсiп кӛңiл кеуде керiп дем алды. 
Жүректердi кернеп шексiз қуаныш, 
Тiлейдi жұрт Тәуелсiздiк баянды. 
 
Кең даламда еркiндiктiң таңы атты. 
Түледi ел қыран құстай қанатты. 
Ӛттi талай қиын-қыстау белестен, 
Кӛркейдi жер, кӛбейттiк бiз санатты. 
 
Қайраттанып қараймыз бiз ертеңге, 
Түсерi хақ қиындықпен әр теңге. 
Еңбектенiп, жұдырықтай жұмылсақ, 
Несiбесiз қалмас бiзде еш пенде. 
 
Тәуелсiздiк аса қымбат, әрине, 
Кӛк байрақты тiктiк елдiң тӛрiне. 
Ие болдық шын мәнiнде бiз мiне, 
Асқар таулар, аққу жүзген кӛлiме. 
 

 
13 
Алдымызда кӛп қой әлі ӛткелдер, 
Жақсылықтар басымыздан ӛткерер. 
Сенімім мол, қонған бағын қазақтың, 
Барша халық ұшырмауға тер тӛгер… 
 
Қазақстан – алтын ұя, туған ел, 
Қадіріңді Отан сүйген ер білер. 
Тәуелсіздік туын жықпай ешқашан, 
Тыныш ӛмір, бейбітшілік ел тілер. 
 
Болсын елдің етек-жеңі жиюлы, 
Ӛзгермесiн шекарасы қиюлы. 
Кӛз алартқан Егеменді еліме 
Кӛршілердің жӛнін білсек тиюды. 
 
Құтты болсын, Тәуелсіздік мейрамы! 
Орындалсын арман, мақсат ойдағы. 
Намыс туы желбіресін кӛгілдір, 
Жайнай берсін, жасыл жайлау аймағы. 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан  –  алтын ұям 
 
Қазақстан  - 
Алтын ұям тұрағым. 
Ел таңбасы -  
Қалықтаған қыраным. 
Кең пейілді қазақ атты халқы бар, 
Азат елім, 
Теңдесі жоқ Тұраным. 
 
Қазақ тілі -  
Бастау алған бұлағым. 
Елеңдейді ән мен күйге құлағым. 
Елдігіңе сан ғасырлық қуанам. 
Сақтап қалған  
Салт-санасын, жыр-әнін. 
 

 
14 
Несібесін бір бӛліскен ӛзгемен. 
Жамандыққа еш уақытта тӛзбеген. 
Ақша қардай, ақ ниетті қалпында, 
Бейбіт ӛмір, ізгілікті  кӛздеген. 
 
Бӛтенді де  
Бӛлесіндей санаған. 
Жатсынбаған.  
Жақынына балаған. 
Дастарханға толтырған бар мәзірін, 
Дархандықты үйренген кең даладан. 
 
 
 
 
 
 
Далама 
 
Жайсаң дала, жасыл орман жайқалған, 
Кӛркіңді мен таңдай қақпай айта алман. 
Айдын кӛлім балқұрағы майысқан. 
Ерке қайық ақ толқынмен шайқалған. 
 
Жампоз дала, жасыл желек жамылған, 
Жан рахаты бір ӛзіңнен табылған. 
Тӛскейіңде тӛрт түлік мал тойынып, 
Құнары мол жайлауыңда жайылған. 
 
Кәусар ауа, жарқыраған күн қандай! 
Күндей күлген керім, кербез қыз қандай! 
Бұлшық еті бұлтылдаған, бүлкілдеп, 
Қандай кӛркем қыр жігіті  кең маңдай! 
 
Дархандықтың белгісіндей далама 
Сүйсінбеуге таңданбауға бола ма? 
Кіндік қаным тамған жерге ынтығып, 
Сағынамын, сарғаямын, қалада. 
 
 
 
 

 
15 
Жұлдыздар 
 
Ауыл түні ғажап қандай тамаша! 
Тұрар аспан дәл тӛбеңде аласа. 
Алтыбақан ай астында тербелер,  
Жастар ойнар ақсүйекке таласа. 
 
Айналаны қараңғылық басқанда, 
Сансыз жұлдыз жымыңдайды аспанда. 
Анда-санда сырнайлатар кӛлбақа, 
Жұрт тыныстап, тойынған мал жатқанда. 
 
Таң атқанша айлы түнде ойнаймыз, 
Жастық жарқын, ойынға біз тоймаймыз, 
Ертегі айтып, ән саламыз әуенді, 
Мақпал түнге қызығуды қоймаймыз. 
 
Таласамыз ең әдемі жұлдызға
Мың құбылар ғарыштағы құндыздар. 
Жамандыққа жорушы еді үлкендер, 
Ағып түскен арман ба, әлде  жұлдыз ба?! 
 
 
 
 
 
Қара мақпал түні қандай Елімнің! 
Құнарлы, бай жері қандай елімнің! 
Ұқсамайтын еш уақытта ешкімге, 
Дана, дархан халқы қандай елімнің! 
 
Жұлдызың, Елім, биік тұрсын ұдайы, 
Бағыңды бастан ұшырмасын құдайым. 
Еркіндікке қолы жеткен халқымның, 
Мәртебесі биік болсын, ылайым! 
 
 
 
 

 
16 
Жолдар, жолдар … 
 
Қараймын да тарам –тарам жолдарға 
Батамын мен терең теңіз ойларға. 
Бұл жолдармен ақын Абай ӛтіпті, 
Бала Шоқан ғылым іздеп кетіпті… 
 
Сапар шеккен хан Абылай қаншама, 
Батырлары, билері де ханша да. 
Қанша халық Меккеге де аттанған, 
Ұзақ сапар тым қатерлі болса да. 
 
Жолдар, жолдар, сендерге егер тіл бітсе, 
Айтар еді кімдер ӛтті, кім кетті? 
Қанша ғалым, саяхатшы, саяткер, 
Арманына кім жетпеді, кім жетті? 
 
Кӛшіп-қонып осынау кең далада 
Ата-бабам бағзы сол бір заманда. 
Кең пейілді, парасатты қалпымен, 
Намыс туын құлатпаған қалай да. 
 
Бұл жолдарды ата-бабам күзеткен, 
Сан ғасырлар кӛш-керуен кӛп ӛткен. 
Тізбектеліп ӛтіп жатқан заман-ай, 
Кӛзден таса, кетпеген тек жүректен. 
 
Жауға шапқан Балта Керей Тұрсынбай, 
Аруақты Ағынтай мен Қарасай.  
Бұл жолдарға қаны тамған азаткер 
Бабалардың Кенесары, Наурызбай. 
 
Жолдар, жолдар, асықтырып арманға 
Жетелейді асқар биік тауларға. 
Кӛк шалғында жұпар жұтып, дем алып, 
Жетейінші қарағайлы орманға. 
 
 

 
17 
Жолдар, жолдар қалсын сенде іздерім, 
Беймәлім тек ӛтпесінші күндерім. 
Тіршілікте еңбек етсем Еліме, 
Тілер едім ұрпақтардың білгенін. 
 
 
 
 
 
 
Қимасым 
 
Жолдарыма қыр гүлінен қызыл кілем жапқандай, 
Арайланып қызарып күн бақыт тілеп батқандай. 
Оралғанда боламын мен қимасымды тапқандай. 
Ұзап шықсам жүрекке мұң бейне мұз боп қатқандай. 
 
Ерке бұлақ күміс кәусәр сылдырап жәй аққандай. 
Шық түскенде жапырақтар мӛлдір моншақ таққандай. 
Туған жердің таңы маған әр кез күліп атқандай. 
Сиқыр сағым толқынданып, қолын бұлғап жатқандай. 
 
 
 
 
 
Қазағым 
 
Қазағым әнші, күйші, дүлдүл болған, 
Кӛңілі бейне бақша бұлбұл қонған. 
Қаймықпаған билері хан алдында  
Қасқайған батырлары берік қорған. 
 
Түркі тек күн еркесі, еркін болған. 
Тӛсінде туған жердің кӛшіп-қонған. 
Той жасаған, ас берген, кӛкпар тартқан, 
Тӛзімді, айласы мол оңнан-солдан. 
 
Қазағым жау алдында тайсалмаған. 
Қыздары да қаһарман қайсарланған. 
Қан тӛгіп, жанын қиып жорықтарда, 
Кең даламды біз үшін сақтап қалған. 

 
18 
Тілегім 
 
Қазағым деп мен айтпасам, кім айтар? 
Болмақ емен сылбыр, селқос, жайбасар. 
Ӛркендесе елім менің екпіндеп, 
Қуат алам қуаныштан мың жасар. 
 
Кейбіреудей жайбарақат болмасам, 
Ел мүддесін, ел бақытын ойласам, 
Қалам тербеп толғанатын қызымын, 
Адаспаспын жақсылықты қолдасам. 
 
Тынысың кең, қуатың мол білемін. 
Қолдаймын мен ата-баба тілегін. 
Тәй-тәй басқан қадамына елімнің 
Тәубе деймін, лүпілдейді жүрегім. 
 
 
 
 
 
 
 
Сағынамын 
 
Сағынамын кішкентай ауылымды, 
Кӛрмеген кӛптен бері бауырымды. 
Сағынамын қос кӛлді аққу жүзген, 
Құрбы-дос, үлкен-кіші тәуірімді.. 
 
Алыстан қол бұлғайды сағым-теңіз, 
Таңданбауға болмайды ешбір негіз. 
Тұнық сулы қос кӛлге қос жанардай, 
Тең келмейді, наныңыз,  Қара теңіз. 
 
Ортақкӛл мен Жалтырша айдын шалқар
Сағынышым бір кӛрсем  сонда тарқар. 
Ауылым қос айдынның ортасында, 
Күнде той, күнде қызық ақар-шақар. 
 
Әкемнің қатарлары сиреп қалды, 
Қайғыдан кӛңілімде түйнек қалды. 

 
19 
Кӛз кӛрген Қабылқайыр, Қоспан аға  
Тізіліп қаздай жүрген ақсақалдан. 
 
Нағашым Қайырбек пен Оразай бар, 
Ӛтті ғой Кӛшер, Мұқыш, Оразбайлар. 
Ізін басқан ағалар мүлде азайды, 
Алланың салғаны деп қойсам болар. 
 
Күлзира кіндік шешем кірім жуған, 
Кӛтеріп қолына алып кіндік буған. 
Жетеді қайсарлығым бір басыма, 
Шешеге кіндік кескен тартып туғам. 
 
Болмайтын ауылымда ұры-қары, 
Тұратын қатты сыйлап бірін-бірі. 
Берекенің ұйтқысы  шешелерім, 
Алтын жұлдыз кеудеге таққан бәрі. 
 
 
 
 
 
Ауылым 
 
Туған жерім, ӛскен елім, кең далам, 
Ыстық маған орман, тоғай, сай-салаң, 
Жас отауда туып еді шырылдап,  
Елу бірдің шілдесінде бір балаң. 
 
Жерұйықтай кӛрінетін ауылым, 
Еркелеткен бала кезден қауымым, 
Балапандай жылы ұяңнан ұшырып, 
Арманыма қанат берген ауылым. 
 
Оң мен солы – Ортақкӛл мен Жалтырша 
Жарқырайды баяғы сол қалпынша. 
Қаз қаңқылдап, сұңқылдаса аққулар, 
Үйректері үн қосады артынша. 
 
Ауыл кеші – тіршіліктің тынысы, 
Адамдардың тоғысатын мың ісі, 

 
20 
Жан-жануар шуылдасып табысып, 
Толастамас кӛпке дейін дыбысы. 
 
Туған жерім – жер жаннаты мен үшін 
Қызыр қонып, араласын ел ішін. 
Ардақтаймын әр отаудың иесін, 
Сағынамын жерошақтың иісін. 
 
 
 
 
Ыстықкӛл 
 
Мӛлдір кӛлім, айдын кӛлім, шоң кӛлім. 
Мен Қазақпын, Қырғыз туыс ӛз елім. 
Тамашалап таңғажайып кӛрінісін,  
Әсемдікке тебіренді жан сезімім. 
 
Әдемі ғой асқақ, әсем Ала-Тоо, 
Айылы да ұқсап-ақ тұр ауылға. 
Үлбіреген қарапайым қыздары 
Ӛнегелі, кӛрік берген қауымға. 
 
Айдын кӛлде балалар да жүзеді. 
Шаттанады, қуанады, күледі. 
Келешегі жарқын болып ылайым, 
Елдің болсын Азаматы тірегі. 
 
Мен Қазақпын, Қырғыз менің ӛз елім! 
Гүлдей берсін жаннаттайын бар жерің, 
Асқар тауың, асау ӛзен, шатқалдар. 
Аман болсын қызғалдақты белдерің. 
 
 
 
 

 
21 
Қызылжарым 
 
Ӛзіңе арнап жыр жазам, Қызылжарым! 
Білгейсің осындай бір қызың барын. 
Гүлденіп, кӛркейе бер жылдан жылға 
Тұп-тұнық тыныштығың бұзылмағын. 
 
Жырлаған талай ақын Қызылжарын, 
Кернеген тұлабойын нағыз дарын. 
Шын сүйгенге не жетсін туған жерін, 
Елі де ардақтайды асылдарын. 
 
Жастығымның куәсі, Қызылжарым! 
Жазылмаған ӛзіңе кӛп жырларым, 
Сұлу Есіл, тал, қайың, қарағайлар, 
Кӛз тартады, бел, белес, кӛл, қырларың. 
 
Қызылжарым, кӛрікті ӛлкем менің, 
Кӛріктісің халқыңмен тӛккен терін. 
Кӛбейткен ел байлығын ер-азамат. 
Арқау болған жырыма кӛптен менің! 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет