Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет35/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
ТВ-тюнер – үй компьютерінде теледидарлық сигналды қабылдауға, іске қосуға және жазуға арналған құрылғы. Көптеген заманауи тюнерлер FM- радиостанция сигналдарын да қабыдай алады. Компьютерге қосылу тәсілі бойынша ішкі (үстел үстілік ДК PCI және PCI-Eх1 жалғағыштары арқылы, ноутбуктер үшін CardBus жалғағышы арқылы) және сыртқы (USB және
FireWire) (сурет - 1.35) болып бөлінеді.
Контроллерлер – аналық тақта интерфейстік мүмкіндіктерін кеңейтетін тақталар (платы) (сурет - 1.36). Қажет болған жағдайда контроллер картасы көмегімен қосымша интерфейстер USB, SATA, FireWire, IDE және LPT (жалғағыш) қосуға болады. Ереже бойынша PCI және PCI-Ex1 слоттарға орналастырылады.

Сурет - 1.36. Контроллерлер

Сурет - 1.37. Сыртқы (а) және ішкі (б) дыбыстық карта

Дыбыстық карта – дауысты өңдеуге және шығаруға мүмкіндік беретін жеке компьютерге арналған қосымша құрылғы. Ішкі құрылғы (PCI және PCI-Ex1 слоттарына қондырылады), сыртқы құрылғы (USB қосылады, ноутбуктар үшін PCMCIA) (сурет - 1.37) түрлері болады.
Дыбыстық карта дербес компьютердің ең соңғы дамытылған құрылғысы болып саналады. Ол аналық тақта слоттарының біріне еншілес карта ретінде қосылады және дауыс, музыка және дыбысты өңдеуге қатысты есептеу операцияларын орындайды.
Дыбыс дыбыстық карта шығысына жалғанатын сыртқы дыбыстық колонка арқылы шығарылады. Арнайы жалғағыш дыбыстық сигналды сыртқы күшейткішке жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дауысты немесе музыканы жазып алуға жағдай жасайтын микрофонға арналған жалғағыш бар және оларды ары қарай өңдеу немесе пайдалану үшін қатты дискте сақтау.
Желілік адаптер – компьютерге желідеші басқа құрылғылармен қарымқатынасқа түсуге мүмкіндік беретін құрылғы. Сыммен (Ethernet) немесе сызсыз (Wi-Fi) болуы мүмкін. Компьютерге қосылу тәсіліне байланысты желілік адаптерлер сыртқы және ішкі болып бөлінеді (сурет - 1.38). Көптеген заманауи жүйелік платаларда сымды желілік адаптер кіріктірілген, сол себептен қосымша құрылға қолданылмайды. 1 Маршрутизатор немесе роутер (router), – маманандырылған желілік компьютер, және деректер пакетін желінің түрлі сегменттері арасында тасымалдайтын және желі тополгиясына және белгілі ережелерге сүйеніп жіберу туралы шешім қабылдайтын кем дегенде екі желілік интерфейстері бар (сурет - 1.39).
Маршрутизатор торап аралық экран және адрестерді транслыциялау қызметін пайдалана отырып жергілікті тораптан ғаламдық торап Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Үй Wi-Fi үшін ең танымал құрылғы болып табылады.


Сурет - 1.38. Желілік адаптерлер

Сурет - 1.40. Желілік концентратор, немесе хаб
Маршрутизаторлар туралы айтқанда бірнеше жергілікті тораптарды қосатын құрылғыны айтады, яғни ІР- адрестері әртүрлі екі немесе одан да көп тораптарды қосуға қабілетті құрылғы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет