Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ISBN 978-601-333-189-8 (каз.)



бет2/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

ISBN 978-601-333-189-8 (каз.) © «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2016 ISBN 978-5-4468-1588-3 (рус.) © Рәсімдеу, «Академия» баспа орталығы, 2016 Құрметті білім алушы!
Осы оқулық «Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді үйлестіруші» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бөлігі болып табылады.
Оқулық «Дербес компьютерлерді, серверлерді, перифериялық құрылғыларды және жабдықтарды аппараттық қамтамасыз етуді жетілдіру» кәсіби модулін үйренуге арналған.
Жаңа буынды оқыту-әдістемелік жинақтар дәстүрлі және инновациялық оқу құралдарынан тұрады, ол жалпы білім беру мен жалпы кәсіптік тәртіптер, кәсіби модульдерді зерттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір жинақтың құрамында оқулық және оқу құралдары, жалпы және кәсіби құзыретін, сондай-ақ жұмыс берушінің талаптарын ескерумен, игеруге қажетті оқу мен бақылау құралдары бар.
Оқу басылымдары электронды білім беру ресурстарымен толықтырылады. Электронды ресурстар интербелсенді жаттығулармен және жаттығу құрылғыларымен, мультимедиялық объектілермен, қосымша материалдарға сілтеме жасаумен және интернеттегі ресурстармен теориялық және тәжірибелі модульдерден құралған. Бұған оқу үрдісінің негізгі параметрлері бекітілетін терминологиялық сөздік және электронды журнал енгізілген: жұмыс уақыты, бақылау және тәжірибе тапсырмаларын орындау нәтижелері. Электронды ресурстар оқу үрдісіне жеңіл икемделеді және түрлі оқу бағдарламаларына қарай бейімделуі мүмкін.

Кіріспе


Дербес компьютерлер, серверлер, перифериялық құрылғылар мен жабдықтардың түрлері, санаттары, параметрлері, сипаттамасы, сондай-ақ құру мен қалыптастырудың негіздері туралы толық білім аппараттық қамтамасыз етуді жаңашаландырудың кәсіби тәсілін қалыптастыруға ықпал етеді.
Заманауи маманның кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі оның қазіргі заманға сай компьютерлік технологияларымен өзара әрекеттесуі болып табылады. Олардың өзара әрекеттесуі тиімділігінің маңызды факторы – компьютерлік қызмет саласында негізгі терминдерді білу, компьютерлік технологиялардың нақты мүмкіндіктерін және қолданудың ерекшеліктерін түсіну, оның жетілу мен дамуының қарқындарын білу, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді бүйлестіруші ретінде өз ойын тұжырымдай білу болып табылады. Ұсынылған материалдарды игеру қарқынды дамып келе жатқан есептеуіш техникалар саласында базалық терең білім алуға мүмкіндік береді.
Оқулықта дербес компьютерлер мен серверлердің түрлері және сәулеті топтастырылған; компьютерлер мен серверлердің құрылғылары, негізгі блоктар, функциялары мен техникалық сипаттамалары; перифериялық құрылғылардың түрлері мен мәні, қосу интерфейсі мен пайдалану ережелері; операциялық жүйенің негізгі компоненттері мен шеткері жабдықтардың драйверлерін орнату және баптау принциптері; аппараттық қамтамасыз етуді жетілдіру әдістемесі; дербес компьютермен, шеткері жабдықтармен және компьютерлік ұйымдастыру техникаларымен жұмыс істеу кезінде орнату, пайдалану және еңбек қорғау бойынша нормативтік құжаттар ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет