IEEE 1394 (Institute of Electrical and Electronic Engineers 1394 –
электротехника мен электроника бойынша инженерлер институтының стандартының
№ 1394) FireWire басқа атауы бар (Жалынды сым) және I.LINK. IEEE1394 интерфейсінің көмегімен ішкі де, сыртқы да құрылғылар қосыла алады (барлығы бір контроллерға 127 құрылғыға дейін). Қазіргі уақытта 400 Мбит/с стандарт IEEE-
1394 800 Мбит/с IEEE-1394b ауыстырылады (FireWire-800 секілді белгілі). Оны сонымен қатар FireWire (Apple-дан) және i. Link (Sony-дан) деп атайды.
IEEE1394 интерфейсінің басты құндылығы біртұтас алтыжелілі кабель бойымен бірнеше құрылғыны қосудың қарапайымдылығы мен жылдамдығы болып табылады: екі желі қоректі, төртеуі деректер алмасу үшін қызмет етеді( 1.45-сурет). Бұл интерфейс сандық камералар, сыртқы қатты дисктер мен түрлі желілік құрылғылар үшін кеңінен қолданылады.
және түрлі желілік құрылғыларды.
а б Сурет - 1.45. Кабель (а) және порттар (б) FireWire
Әдетте FireWire құрылғылары қуат көзін қамтамасыз ететін алты түйіспелі аша арқылы қосылады. Төрт түйіспелі ашада қорек көзі жетпейді. FireWire-800 құрылғысы тоғыз түйіспелі кабельдерді және жалғағыштарды пайдаланады.
SCSI (Small Computer System Interface) – кіші компьютерлер жүйесі интерфейсі. SCSI ( «скази» деп оқылады), интерфейсінің қосылатын құрылғылардың санымен, максималды өткізу қабілеттерімен және шлейфтің максималды ұзындығымен ерекшеленетін бірнеше нұсқалары бар. SCSI интерфейсі арқылы көп жағдайда CD- дискжетек, сканерлер сияқты жоғары жылдамдықты құрылғылар қосылады. SCSI интерфейсті компоненттер жұмыстарын жүзеге асыру үшін компьютерде аналық тақтаны ұлғайту слотына
қондырылған немесе жүйелік тақтаға тұрғызылған арнайы SCSI хостадаптерінің болуы талап етіледі (1.46-сурет). SCSI шинасында мәліметтер тарату жылдамдығы 5 Мбайт/с-тен
1.46-сурет. 25 (оң жағынан) - 50 (сол жағынан) түйіспелі SCSI жалғағыштары
(SCSI-1) 80 Мбайт/с-ке дейін (SCSI-3), шина жиілігі 5-тен (SCSI-1) 40
(SCSI-3) МГц дейін, қосылатын құрылғылар саны 8-ден (SCSI-1, Fast SCSI-2, Ultra SCSI-2) 16-ға (FastWide SCSI-2, UltraWide SCSI-2, Ultra SCSI-3) дейін, шлейфа ұзындығы 1,5 м^Кга-дан SCSI-2, UltraWide SCSI-2) 12 м^Тга-ға
SCSI-3 дейін). SCSI барлық құрылғылары тізбек бойынша қосылады, өйткені терминаторлар деп аталатын келістіру үшін бірінші (яғни SCSI хост-адаптер) және соңғы құрылғылар тізбектегі электрлік сипаттамалары болуы керек.
RCA jack (phono connector, немесе «қызғалдақ») – аудио және бейнежазба техникаларында кеңінен қолданылатын жалғағыш стандарты. «Қызғалдақ» жалғағыштары жұбында көптеген электронды сигналдарға арналған коаксиальді кабелдермен қолданылады. «Қызғалдақ» ашалары түрлі-түсті кодтауға ие: сары (FBAS) бейнежазбалары үшін, ақ және қызыл аналогты дыбыс үшін, ал үш түс (қызыл, көк, жасыл) HDTV құрамдас шығыстары үшін (1.47-сурет).
VGA – қазіргі таңда пайдаланылатын мониторларды қосудың жалғыз аналогты интерфейс (1.48-сурет). Ол өзіне үш негізгі түсті қосады: қызылды, жасылды және көкті, сонымен қатар көлденең (H-Sync) және тік V-Sync) синхрондаудағы ақпараттар мен қызметтік ақпараттарды таратуға арналған арнайы каналды қосады.