Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОСУ ИНТЕРФЕЙСІ



бет51/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

1.11 . ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОСУ ИНТЕРФЕЙСІ



Компьютердің түрлі құрылғыларын бір бірімен жалғау үшін, олардың интерфейстері бірдей болу керек (ағыл. Interface inter-ден – арасы, face – бет). Интерфейс – физикалық және логикалық параметрлері өзара келісетін екі құрылғыны түйіндестіру құралы.
Егер интерфейс көпшілік мақұлдаған болса, мысалы халықаралық келісім деңгейінде бекітілген, онда ол стандартты деп аталады. Функционалдық элементтердің әрқайсысы (жады, монитор немесе басқа құрылғы) белгілі бір түрлі шинамен байланысқан – атаулы, басқаратын немесе деректер шинасы. Интерфейстерді келістіру үшін шеткері құрылғылар шинаға тікелей емес, өздерінің контроллерлары (адаптер) мен порттары арқылы қосылады.
Құрылғылар порты қандай да бір электрондық сұлбаларды береді, оның құрамында енгізу-шығарудың бір немесе бірнеше регистрлері болады және компьютердің шеткері құрылғыларын микропроцессордың сыртқы шинасына қосуға мүмкіндік береді.
Порттар деп сонымен қатар стандартты интерфейс құрылғыларын айтады: тізбекті, параллель және ойын порттары (немесе интерфейстер).
Тізбекті порт процессормен байт бойынша деректермен алмасады, ал сыртқы құрылғылармен – бит бойынша. Параллельді порт деректерді байтпен қабылдайды және жібереді.
Әдетте тізбекті портқа тінтуір және модем секілді баяу әрекет ететін немесе барынша қашықтағы құрылғыларды жалғайды. Параллель портқа «шапшаңырақ» құрылғыларды қосады – принтер мен сканер.
Ойын порты арқылы джойстикті қосады. Пернетақта мен монитор жай жалғағышты беретін өзінің мамандандырылған порттарына қосылады.
Шеткері интерфейстер – барлық аппараттық интерфейстерден ең сан алуандысы. Аралық интерфейс арқылы қосылатын шеткері құрылғыларға көптеген сақтау диск құрылғылары, енгізу-шығару құрылғылары (дисплейлер, пернетақталар, тінтуірлер, принтерлер, плоттерлар), коммуникациялық құрылғылар қатары (сыртқы модемдер) жатады. Тағайындалуы бойынша шеткері интерфейстер мамандандырылған және әмбебап, ерекшеленген және ажыратылатын болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет