Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ОРТАЛЫҚ ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАҢАРТУ



бет100/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113
ОРТАЛЫҚ ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАҢАРТУ

  1. Сіздің компьютеріңіздің аналық тақтасына орнатылған процессорды жаңартудың мақсатқа сәйкестігін анықтаңыз. Ол үшін Speccy немесе AIDA 64 утилитасын іске қосыңыз және жүйеде орнатылған процессордың өндірушісін, моделін, жалғағыш типі мен тактілік жиілігін анықтаңыз.

  2. Процессорды жаңарту мақсатын негіздеңіз.

  3. Алынған ақпаратты саралап алған соң компьютерлік фирманың сайтына кіріңіз және прайс-парақты қарап шығыңыз. Аналық тақтаға тиісті процессорды таңдап алыңыз.

  4. Таңдалған сипаттамалары бар жаңа процессор сатып алыңыз.

  5. ОПҚ орнату бойынша нұсқаулықпен танысып шығыңыз. Жүйе платасының орталығында арнайы қақпақпен қорғалған сокет орнатылған. Процессорды орнатуға арналған ZIF-жалғағыш тіркескен тетігі бар ұяшық сияқты көрінеді. Тетік көтерулі күйде процессор ұяшыққа дұрыс бағдарланған соң оңай орнатылады. Ешқандай күш жұмсау қажет болмайды. Содан соң тетік төмен түсіріледі және ілмекпен бекітіледі. Тетік төмен түскен күйде процессор босатылады және оны алып шығуға болады.

190



  1. Процессорды сокетке өздігіңізден орнатыңыз.

  2. Суыту жүйесінің монтажын орындаңыз, радиатор мен желдеткішті орнатыңыз.

  3. Процессорлық кулерды аналық тақтада кернеу беру үшін CPU – FAM жалғағышына қосыңыз.

  4. Процессорды жаңарту мақсатқа сәйкестігін қалыптастырыңыз және нәтижелерін жазыңыз және процессорды сокетке орнату мен суыту жүйесін монтаждау бойынша қадамдық операцияларды сипаттау түрінде жасалған жұмыс туралы есеп жасаңыз.


ЖАҢА НЕМЕСЕ ҚОСЫМША ЖЕДЕЛ ЖАДЫ ОРНАТУ

  1. Жаңа немесе қосымша жедел жадыны орнатудың мақсатқа сәйкестігін анықтаңыз. Ол үшін Speccy немесе AIDA 64 утилитасын іске қосыңыз жүйеде орнатылған жедел жады туралы барлық керекті ақпаратты алыңыз.

  2. Жаңа немесе қосымша жедел жады орнату мақсатын негіздеңіз.

  3. Алынған ақпаратты саралап алған соң компьютерлік фирманың сайтына кіріңіз және прайс-парақты қарап шығыңыз. Жедел жадыны таңдаңыз. Сіздің компьютеріңіздің аналық тақтасы бар болатын жады мен берілген нақты буынды қолдайтынына көз жеткізіңіз:

■ DDR1 – ескірген жады стандарты, мүмкін жұмыс жиілігі 400 МГц дейін; ■ DDR2 – бүгінгі күнде ең кең таралған жады стандарты, жұмыс жиілігі 800 МГц дейін;
■ DDR3 – жаңа жады стандарты, жұмыс жиілігі 2 400 МГц дейін; ■ EDO, MICRODIMM, SDRAM, SODIMM.
Олардың әрқайсысының өлшемі әртүрлі, және әрбір жады түрінің жалғағышында арнайы тілік (кілт) бар, ол аналық тақтада жады слотының өлшемімен сәйкес келуі тиіс. Кілт қателеспеу үшін және жадыны слотқа дұрыс жағымен қою үшін жасалған.

  1. Компьютерлік жүйені токтан ажырату керек.

  2. Жүйелік блок корпусын ашыңыз.

  3. Жадының жаңа модулін орнату алдында слоттан орнатылған жедел жады модулін алып шығыңыз. Ол үшін жақтық ұстағыштарға сәл басу керек, содан соң жады паздардан шығады және оны шешіп алуға болады.


  1. Құлыптарын сырт еткізе отырып жедел жадыны орнатыңыз, себебі ол сіздің жедел жадыны дұрыс орнатқаныңызды білдіреді. Жады сызғышындағы тілік аналық тақтадағы шығыңқы жерімен сәйкес келуі керек. 8. Жаңа немесе қосымша жедел жады орнатудың мақсатқа сәйкестігі туралы нәтижелер қалыптастырыңыз және жазыңыз және есеп құрастырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет