Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


АППАРАТТЫҚ БЛОКТАРДЫ ҮЙЛЕСІМДІСІНЕ АУЫСТЫРУ



бет102/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113

АППАРАТТЫҚ БЛОКТАРДЫ ҮЙЛЕСІМДІСІНЕ АУЫСТЫРУ


1. Аппараттық блоктарды үйлесімдісіне ауыстырыңыз. Ұсынылатын әрекеттер тәртібі:
■ аналық тақтаға процессор, оны суыту жүйесін, жады модулін орнатыңыз;
■ Аналық тақтаны корпусқа орнатыңыз, қорек жалғағышын жалғаңыз. Егер параллель және кезектес порттар корпустың артқы қабырғасында жеке планкаларға шығарылса, осы планкалардың шлейфтарын аналық тақтаға жалғаңыз. Аналық тақтамен қоса жүретін нұсқаулыққа сәйкес оған басқару және индикация элементтерінің жалғағыштарын қосыңыз (компьютерді қосужүйелік динамик, алдыңғы панельдің
жарықдиодтарының батырмалары);
корпусқа қатқыл, майысқақ және компакт-дисктердің диск жетектерін орнатыңыз. Оларға қорек көзі жалғағышын қосыңыз, аналық тақтаның жалғағыштарына ақпараттық кабельді жалғаңыз;
■ кеңейту платаларын аналық тақтада болатын ұяларға орнатыңыз;
■ алдында алып тасталған корпустың барлық элементтерін, сол жақ қақпағынан басқа, қайта орнына орнатыңыз. Бұл пунктті орындаудың ерекшеліктері корпус конструкциясына байланысты;
■ сыртқы құрылғыларды қосыңыз: пернетақта, тышқан, монитор, принтер және т.б.;
■ Компьютерге электр көзін жалғаңыз;
■ компьютерді қосыңыз және оның алғашқы тестілеуі (POST) мен құрылғыларды тануы қалыпты жағдайда жүріп жатқанына көз жеткізіңіз. Компьютерді сөндіріңіз және қорек көзінен суырыңыз;
■ корпусты толықтай жинап, компьютерді белгіленген орнына қойыңыз.
Қорек көзін қосыңыз. Компьютер жұмысқа дайын.
2. Жасалған жұмыс жайлы есеп жасаңыз.

BIOS КӨМЕГІМЕН КОМПЬЮТЕРДІ ЕКПІНДЕУ

  1. Компьютердің Gigabyte өндірісінің аналық тақтасында екпіндеуді орындаңыз.

  2. Everest немесе AIDA 64 бағдарламаларының көмегімен сіздің компьютеріңіздің комплектациясын қарастырыңыз. Мысалы, процессордың бастапқы жиілігі 2666 МГц, шиналардың жиілігі FSB 1333МГц, жедел жады жиілігі 800 МГц.

  3. Жүктелу кезінде Delete пернесін басып, BIOS-қа кіріңіз (сур. 3.35).

  4. M.I.T. қосымша бетін таңдаңыз (сур. 3.36).

Мұнда ядро, жады, процессор шинасының жиілігі баптаулары орналасқан. Баптауларды қол режиміне CPU Host Clock Control ауыстырыңыз, содан соң Enabled режиміне және жиілігін 333-тен 400-ге дейін өзгертіңіз (сур. 3.37). Enter пернесін басыңыз.

  1. Мәзір қосымшасында төменде кернеу мәндерін авто-ға орнатыңыз.

Процессор мен жедел жады жиілігі көбейту коэффициентімен қатынаста артты, толық жүктеме кезінде – 8, ал ең аз кезде – 6. Солай процессор кернеу мен энергияны тұтынуды реттейді.

Сур. 3.35. BIOS терезесі

Сур. 3.36. M.I.T. қосымша беті

Сур. 3.37. Жиілікті өзгертудің қол режимі

Енгізілген өзгерістерді сақтаңыз.
Операциялық жүйені іске қосыңыз және Everest немесе AIDA 64 бағдарламаларының көмегімен температура мен процессор жиілігінің көрсеткіштерін қараңыз (кесте 3.1):



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет