Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет46/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Сенімділікке серверлерде келесі ықпалдар арқылы кол жеткізіледі:
■ мұқият тестілеуден өткен арнайы серверлік құрауыштарды пайдалану;
■ құрауыштарды резервтеу: қайталанған қорек блогы, желдеткіштер, қатты дисктер;
■ шындық бақылаушысы бар жады (ECC) бір биттік қателіктерді автоматты түрде жөндеуге мүмкіндік береді;
■ серверді алыстан басқару және диагностика (температураны, желдеткіштердің айналу жылдамдығын, критикалық ауытқулар туралы хабарламаларды қарау мүмкіндігі).
Тез әрекет ету сервердің басты көрсеткіші болып саналмайды. Бастапқы деңгей серверлері процессорлық қуаты бойынша ерекшеленбеуі мүмкін, ал кейде қарапайым ДК жол беру, өйткені кейбір серверлік тапсырмаларды орындау үшін үлкен есептеу қуаты қажет емес. Тез әрекет ету серверде келесі жағдайларды қамтамасыз етіледі:
■ екі немесе одан да көп процессорларды пайдалану;
■ бірнеше тәуелсіз шиналардың бар болуын PCI-X немесе PCI Express; ■ үлкен көлемдегі оперативті жадыларды пайдалану мүмкіндігі.
Басқарушылық – бұл қашықтан (торап бойынша) процессорлар температурасы, аналық плата және желдеткіштердің айналу жылдамдықтары туралы ақпарат алу.
Әкімші серверде бойып жатқан жағдайлар туралы ескертулер алудың кез келген нұсқасын орната алады (мысалы, электрондық почта арқылы): желдеткіштің тоқтап қалуы, процессорлардың қызып кетуі және т.б.
Басқару қашықтпаан серверді қосып/сөндіріп, қайта жүктеп, оқиғалар журналып қарап, диагнотика жүргііп, микрокодтарды жаңалай алады.
Кеңейтілу – бірнеше процессорларды қолдана алу мүмкіндігі, жады модулінің көп түрін орнату.
Бірнеше тәуелсіз шиналар (PCI, PCI-X) қосымша кеңейтілу карталарын қондыруға қызмет етеді.
Біз барлық төрт талапты орындау үшін шын, толық сервер қажет екеніне көз жеткізе аламыз. Жұмыс сервері ретінде қуатты ДК орнату алғашында «мнимая» үнемділікті береді, одан кейін оған қызмет ету шығындары мен модернизациясына «желінеді». Заманауи сервер келесідей негізгі құраушылар мен жүйелерден тұрады.
Корпус. Серверлік корпустардың негізгі екі түрі бар: тіреуіштік және іргетастық. Іргетасты корпустар (pedestal) – стандартты «мұнаралар», ДК корпустарынан тек өлшемдерімен ерекшеленеді, жинақтауға арналған жәшік әлдеқайда сыйымды және суытқышы сапалы. Қазіргі таңда іргетастық корпустар өз танымалдылығын жоғалтып жатыр, олардың орнын тіреуіштік корпустар (rackmount) басуда. Олар 19-дюмдік телекоммуникациялық бағанға немесе шкафқа орналастырылады. Ереже бойынша, олар сервистік жұмыстар жүргізу үшін серверлерді жылжытуға арналған рельстермен бірге жүреді. Бұндай корпустар аз орын алады және қызмет көрсеткенде ыңғайлы. Олардың биіктігі юнитпен өлшенеді (U). Бір юнит 44,5 мм тең. Тіреуіштік корпустардың кең тараған өлшемдері: 1U, 2U, 4U және 5U.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет