Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет48/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Оперативті жады. Серверлер үшін үлкен көлемді есте сақтау жадыларын қолдаған қалыпты. Операцияны жеделдетуге арналған көптеген бағдарламалар (SQL-серверлер, веб-серверлер және т.б.) оперативті жадыға үлкен деректер қорын жүктейді. Файлдық серверлерде оперативті жадында файлдық кэш, пайдаланушылар деректеріне жылдамдатқыш қолжетімділік орналасады. Windows негізіндегі серверлер терминалдарында әр қолданушы сессиясына операционды жүйе үшін кем дегенде оперативті жадының 32 Мбайт жұмсалады.
Барлық серверлік платалар жұптық бақылауы (ECC) бар жадыны қолдайды. ECC жады бір биттік қателіктерді дұрыстауға көмектесіп, сервердің қабылдамауға тұрақтылығын қамтамасыз етіп екі биттік қателіктер туралы ақпарат береді. Екі процессорлық серверлерде арнайы тіркегіш жады қолданылады. Қарапайым салыстырғанда мұнда сигналдың таратылуын жадының барлық чипі бойынша таралуын бақылайтын регистрлер бар (буферлер). Сәйкесінше буферлер жадымен жұмысты кешеуілдетеді, бірақ жадыға қолжетімділікті арттырады, бұл серверлер үшін кемшілік болып саналады. Регистрлердің бар болуына байланысты чипсет жадының көп слотын қолдай алады. Осылайша, екі процессорлы серверлер регистрлік жадыны бақылау жұптылығымен қолданады. Бір процессорлық серверлерге ЕСС қолдауы бар немесе жоқ қарапайым жадыны орнатады.
Процессорлар. Қазіргі кезде процессорлардың әр буынында энергия үнемдегіш сериялары бар, қарапайым және өнімділігі жоғары.
Мысалы, 5000 сериялы Intel Xeon – ең жиі кездесетін процессор. Xeon E5502 моделінің екі ядросы бар, жиілігі 1 866 МГц, жылу бөліну 80 Вт тең. Бұл процессорларды энергосақтау немесе есептеу қуатына көтеріңкі талаптар қойылмайтын жерлерде қолдануға болады. Xeon 5603 сериясының сондай жылу бөлінуі кезінде төрт ядросы болады, сол себепті серверде бірнеше қосымшаны іске қосуға және виртуалдандыру үшін қолдануға болады. Бұл процессорлардың кэш шамасы мен мүмкін болатын ең аз жиіліктері оларды қолжетімді қылады, бірақ математикалық есептерде әлсіз болады. Егер серверге жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік болса және егер қалыпты дерекқоры 1С бірнеше пайдаланушыға немесе веб-сервер жұмыс жасайтын болса, онда мұндай өнімділік жеткілікті.
Кеңінен таралған сериясы – Xeon X5x00 – 12 Мбайт кэшқа дейін және CPU-дағы 12 дейінгі бір уақыттағы есептеу ағынына қолдау көрсетеді. Вебсервер, пошталық сервер үшін, шағын дерек қорды өңдеу және индекстеу үшін кез келген екі Intel Xeon X5x00 процессорлары, және біреуі де жетіп қалатын сияқты. Егер виртуалдандыру қарқынды пайдаланылатын болса, төрттен артық ядролары бар процессорды таңдау керек (бір ортадағы вебхостинг немесе бірнеше сервер). Физикалық ядро санына емес, Hyper Threading технологиясын пайдаланумен ағын санына көңіл бөлу керек. Мұндай процессорлардағы CPU жиілігі нақты есептердегі өнімділікке қатты білінбейтіндігін есте сақтаңыз. Intel Xeon X5690 секілді алты ядросы мен 12 ағыны бар белгілі процессорларды сервер бірнеше көпағынды есепті біруақытта өңдеп жатқан кезде таңдау қажет. Мысалы, қуатын пайдалануға қосымша нақты бапталған, егер бұл бірнеше дерекқормен жұмыс жасағандағы индекстеуші сервер немесе арнайы қосымшалы сервер болса, ірі матрицалардың математикалық есептерін шығарады, рендерингпен немесе физикалық модельдеумен айналысады.
Серверлерге орнату үшін Core i7, i5 процессорларын пайдалану ұсынылмайды, себебі Core i7 тегінен бастап, олар функционалдары бойынша, оның ішінде ЕСС мен кейбір кәсіби функцияларын қолдау бойынша ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет