Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет47/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Қорек блоктары. Серверлік құрауыштар (процессорлар, қатты дисктер, аналық платалар және т.б.) өз өнімділіктері жоғары болуына байланысты кеңселік ДК салыстырғанда әлдеқайда көп электр энергиясын қолданады. Сәйкесінше серверлерге қуатты және сенімді қорек блоктары қажет. Xeon серверлік процессорлары 120 Вт дейін қуат қабылдайды, қатты дисктер SCSI – 20 Вт дейін, аналық платалар – 40 Вт дейін. Қорек көзінің минимал қуаты бір процессорлық жүйелер үшін 300 Вт құрауы керек, ал екі процессорлықтар үшін конфигурациясына байланысты 400 Вт және одан жоғары болады.
Серверлерде сенімділікті арттыру мақсатында қорек көздерін резервтеумен бірге қолданады (redundant). Бір қорек көзі істен шыққан жағдайда іске қосымша қорек көзі кіріседі, қорек жоғалмайды. Әкімшіге консольге бір қорек көзінің істен шыққаны туралы хабарлама келеді, ол әкімшіге жедел түрде істен шыққан бөлікті ауыстырып, резервтегі қорек көзін қосады. Әрине бұл жағдайда қорек көздері серверді сөндірмей-ақ «ыстық» ауыстыру мүмкіндігін қолдайды.
Серверлерде сенімділікті арттыру мақсатында қорек көздерін резервтеумен бірге қолданады (redundant). Бір қорек көзі істен шыққан жағдайда іске қосымша қорек көзі кіріседі, қорек жоғалмайды. Әкімшіге консольге бір қорек көзінің істен шыққаны туралы хабарлама келеді, ол әкімшіге жедел түрде істен шыққан бөлікті ауыстырып, резервтегі қорек көзін қосады. Әрине бұл жағдайда қорек көздері серверді сөндірмей-ақ «ыстық» ауыстыру мүмкіндігін қолдайды.
Аналық платалар. Серверлік жүйелерде екі форм-факторлар аналық платалары қолданылады: ATX (E-ATX) және SSI. ATX – ескі және
үйреншікті стандарт, ең бастысы ДК негізделген. Қазіргі кезде оның негізінде бастапқы деңгейдегі серверлік платаларды жасайды. SSI (Server System Infrastructure) – серверлік құрауыштарға арналған арнайы стандарт (қорек блоктары және корпустар), Intel белсенді түрде жария етіп жүр. SSI ашық стандартын жүргізу жаңа серверлік корпустар мен қорек блоктарын ойлап табуды жеңілдетеді, нәтижесінде кешеуілдеудің азаюы туындап пайдаланушыға қолайлы баға орнатылады.
Екі стандарттардың аналық платаларындағы айырмашылық қоректерінің жалғағыштарының әртүрлі болуында: ATX(E-ATX) 20-байланысты және SSI жаңа 24- байланысты. Сондай-ақ платалардың өлшемдері де ерекшеленеді: SSI – 12"х13", ATX – 12"х9,8", E-ATX – 12"х13". SSI қорек блогы ATX платаға қосыла алады, және керісінше арнайы жалғастырғыш тетіктер арқылы өйткені жалғағыш SSI нақты ATX жалғағышы секілді 3,3 В және 5 В арналған қосымша байланысы бар .
Бастапқы деңгей платасы үшін (бір процессорлы) Стандартты РСІ кірісшығыс шинасы тән, бірақ жаңа Intel E7210 чипсет шығысымен PCI-X шиннасы алғаш рет бір процессорлы аналық платаларда пайда болды. Әлдеқайда дамыған платаларды (екі процессорлы) бірнеше тәуелсіз PCI-X шиналар бар. Болашақта барлық серверлік платалар міндетті түрде кезекті PCI Express шинасын қолданатын болады.
Алғашында серверлік чипсеттер нарығы тек ServerWorks компаниясына тиесілі болды. Бірақ Intel Xeon шығысымен және E7500 чипсетін шығарған соң, нарықта екі процессорлық платаларға арналған чипсеттер көшбасшылығы Intel өтті. Қазіргі таңда ServerWorks тек төрт процессоры серверлер нарығында Grand Champion HE чипсетімен бар.
Екі процессорлық жүйе нарығында Intel екі чипсет бар: E7501 – серверлік сегмент үшін, E7505 – жұмыс станциялары үшін (AGP Pro 8x қолдайды).
Intel E7520 және E7320 жаңа чипсеттері негізінде платалар анонсталды. Бұл чипсеттер DDR-2 (400 МГц) жадыны қолдайды – пиктік өөткізу қабілеті 20 % артады және 6,4 Гбайт/c жетеді, DDR жадымен салыстырғанда энергияны қолдану 40 % төмендейді. Сондай-ақ чипсеттер PCI Express шинасын қолдайды.
Бір процессорлық жүйені құрастыру үшін Intel 875P және Intel E7210 чипсеттері қолданылады.
Серверлер үшін операциондық жүйе арқылы қашықтан мониторигтеу және басқару мүмкіндігі өте маңызды. Қазіргі кезде (желі бойынша) қашықтан процессорлар температурасы туралы, аналық плата, желдеткіштердің айналу жылдамдығы және сервердің басқа параметрлері туралы ақпарат алуға болады. Алыстан қосу-сөндіру, серверді қайта жүктеу мүмкіндіктері бар. Солай болса да егер сервер жергілікті торапқа немесе кезекші кернеу беріліп тұрған арнайы басқару желілеріне қосулы болса қызметтер сервер сөніп тұрғанда да қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет