Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет56/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   233
Матрицалық  принтерлер 
осы  кезге  дейін  ақпарат  шығарудың  ең  кең 
таралған  түрі  болды.  Өйткені  лазерлік  принтерлер  қымбат,  ал    ағыншалы 
сенімсіздеу.  Негізгі  артықшылығы  арзандығы  және  әмбебаптығы,  яғни  кез 
келген сападағы қағазға басып шығару мүмкіндігі.  
Әрекет ету қағидасы. Баспа басып жатқан матрица түйініне кіріктірілген 
бірнеше  инелер  көмегімен  жүзеге  асады.  Қағаз  принтерге  білдек  көмегімен 
тартылады.  Қағаз  бен  баспа  түйінінің  арасында  бояғыш  лента  орналасады. 
Лентаны инемен ұрғылағанда қағазда нүктелер пайда болады. Баспа түйінінде 
орналасқан  инелер  электромагнитпен  басқарылады.  Баспа  түйінінің  өзі 
көлденең  қозғалады  және  қадамдық  қозғалтқышпен  басқарылады.  Баспа 
түйінін  қағазда  жол  бойынша  қозғалтқан  кезде  нүктелерден  тұратын 
таңбалардың  іздері  шығады.  Принтер  жадында  бөлек  әріптер  мен 
таңбалардың кодтары сақталған. Осы кодтар белгілі бір әріпті басу үшін қай 
инені және қашан белсенді ету қажет екенін анықтайды.  
Матрицада  9,  18  немесе  24  ине  болуы  мүмкін.  9-инелік  принтермен  басу 
сапасы жоғары емес. Сапасын жақсарту үшін жолақтан түйінді екі және төрт 
рет өткізу қажет. Қазіргі заманауи матрицалық принтерлер үшін стандарт  24 
инелік  матрица  болып  есептеледі.  Инелер  екі  қатар  болып,  әр  қатарда  12 
данадан  орналасқан.  Баспа  сапасы  айтарлықтай  жоғары.  Матрицалық 
принтерлер  бірден  құжаттың  бірнеше  көшірмесін  шығарып  бере  алады.  Ол 
үшін  парақтарды  көшірмелік  калькамен  алып  қою.  Матрицалық  принтерлер 
талапшыл  емес,  кез  келген  қағаз  бетіне  басып  шығара  алады:  картонда, 
орамалық  қағазда    және  т.б.  (сурет  -  1.26).  Алғашқы  ағыншалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет