3. Конвекция деп жылу алмасудың қандай түрін айтады және оны қандай
физикалық заңға сүйеніп, түсіндіруге болады?
4. Табиғи конвекция құбылыстарының пайдасы мен зиянды жақтары
қандай?
5. Сәуле шығару деп жылу алмасудың қандай түрін айтады?
6. Қайталамалы энергия көздеріне нелер жатады? Оларды пайдалануда
Қазақстанның мүмкіншіліктері қандай?
1. Қатты шыныға қарағанда қатты алюминийдің жылуөткізгіштігі бір-
неше жүздеген есе үлкен. Қатты алюминийге қарағанда балқыған
алюминийдің жылуөткізгіштігінен 3 есе кем. Неге?
2. Қар мен мұз жамылған суқоймасында отқа қойылған шәйнектегі сияқты
неге төменгі қабаттағы жылы су жоғары көтерілмейді?
3. Машина қозғалтқыштарын сумен салқындату жүйесінің жұмыс істеу
принципін түсіндіріңдер. Осы жүйедегі желдеткіштің рөлі қандай?
4. Ғарыш кемесінде салмақсыздық жағдайында шырағдан жана ма?
5. Өртсөндірушілердің каскаларын неге жылтыр металдардан жасайды?
6. Неге тоңазытқыш және мұздатқыш қондырғыларды ақпен бояйды?
7. Ашық ғарышта жұмыс жасайтын ғарышкерлердің скафандрларын ақ
материалдардан жасап, бет әйнектерін не үшін күмістелген жартылай
мөлдір қалқанмен қаптайды?
Май (балауыз) шамды немесе газ шілтері кейде бықсып түтеп жанады.
Егер жалынның үстіне диаметрі жалын енінен үлкен шыны түтікті
тік орналастырып ұстасақ, түтеу жойылады. Ал түтіктің төбесін жа-
батын болсақ, қайтадан түтей бастайды. Мұндай құбылыс желсіз
тымырсық күні самаурынға от жағып су қайнатқанда да байқалады.
Егер самаурынның мойнына мұржасын кигізетін болсақ, отын бықсып
түтемей жанады; ал мұржаны алып тастасақ, бықсып түтей бастайды.
Осы құбылысты зерттеп, себептерін түсіндіріңдер.
Жаттығу 1.3 Практикалық тапсырма ? Сұрақтар Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217