физикалық ұғымдар қарастырылады: «термодинамиканың бірінші заңы», «термодинамиканың екінші заңы», «энергияның түрленуі», «іштен жану қозғалтқыштары», «бу турбинасы», «жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициенті». Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі минимумы Қ а з а қ ш а О р ы с ш а А ғ ы л ш ы н ш а Термодинамиканың бірінші заңы Первый закон термодинамики The first law of thermodynamics Термодинамиканың екінші заңы Второй закон термодинамики The second law of thermodynamics Жылулық қозғалтқыштар Тепловые двигатели Thermal Motors Іштен жану қозғалтқыштары Двигатели внутреннего сгорания Internal combustion engines Бу (газ) турбиналары
Паровые (газовые) турбины Steam (gas) turbines Жылу қозғалтқы- шының пайдалы әрекет коэффициенті Коэффициент полезного действия теплового двигател Coefficient of efficiency of the heat engine §13.
ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ. ГАЗ БЕН БУДЫҢ ЖҰМЫСЫ 1. Жоғарыдағы тарауларда қарастырған жылулық қозғалыстардың
жекелеген заңдылықтары әртүрлі жүйедегі энергия түрленулерін зерт-
тейтін іргелі бір теорияның салдарлары болып табылады.
Термодинамика деп аталатын жалпыға ортақ бұл іргелі теория
заттардың молекулалық микроқұрылымын қарастырмай, энергияның
бір түрден екінші түрге өту шарттарын сандық тұрғыдан сипаттайды.
«Термодинамика» сөзі гректің «therme» – «жылу» және «dynamis» –
«күш» сөздерінен құралған. Кез келген теориялық ілім сияқты термо-
динамиканың да өзіне тән зерттеу пәні бар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217