Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қалай тұжы- рымдалады? 2



бет7/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

1. Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қалай тұжы-
рымдалады?
2. Жылулық қозғалыс деп қандай қозғалыстарды айтады?
3. Броундық қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз? Броундық қоз-
ғалысты неліктен жылулық қозғалыс деп атайды?
4. Диффузия деп қандай құбылысты атайды, ол нені дәлелдейді?
5. Диффузияның жылдамдығы қандай жағдайлар мен шамаларға тәуелді
өзгереді?
6. Металдардағы диффузия құбылысының ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
Неліктен монокристалдарда диффузия құбылысы байқалмайды?
7. Диффузияның пайдалы және зиянды жақтары қандай?

Микроскоп арқылы сұйық ішіндегі графит үгіндісі бөлшегінің броундық


қозғалысын мына жағдайлар үшін зерттеңдер:
1. Броундық бөлшектің әр 30 секунд сайын жаңа орнын анықтап, оның
қозғалыс траекториясының суретін салыңдар.
Эксперименттік зерттеу
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



10
2. Сұйықтың температурасы өзгергенде броундық бөлшектің қозғалыс


жылдамдығының қалай өзгеретінін байқаңдар.
3. Тұтқырлығы әртүрлі сұйықтардағы броундық бөлшектің қозғалыс
жылдамдығының қалай өзгеретінін байқаңдар.
4. Зерттеу барысын әр тапсырма бойынша сипаттап жазыңдар.
5. Қорытындыда мына сұрақтарға жауап жазыңдар: зерттеу нәтижелері
нені көрсетті? Байқаған құбылыстарыңды қалай түсіндіруге болады?
§2.

ТЕМПЕРАТУРА. ТЕМПЕРАТУРАНЫ ӨЛШЕУ
ТӘСІЛДЕРІ. ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ШКАЛАЛАР
1. Бізге бала кезімізден
«жылы», «суық», «ыстық», «температура»,
«термометр» деген сөздер таныс. Ауырып қалған баланың анасы оның
маңдайына алақанын төсеп, бетінен сүйіп, «ыстығың көтерілген екен»
деп айтады. Немесе термометрмен баласының қызуын өлшеп, «темпера-
тураң біраз жоғарылапты» дейді. Екі жағдайда да
ыстықтау дене мен
салқынырақ денелердің арасында жылу алмасу орын тебеді. Бірінші
жағдайда ыстығы жоғары баланың маңдайынан біраз жылу ананың
салқынырақ алақанына өтеді, оны баланың да, ананың да сезім мүшелері
айғақтайды. Екінші жағдайда сезімтал ана алақанының рөлін
термометр
атқарады. Бұл жағдайда да қызуы жоғары баланың жылуы салқынырақ
термометрге беріліп, оның ішіндегі сұйықтың көлемі ұлғаяды; сөйтіп,
термометр шкаласының көрсеткіші жоғарылайды. Міне, осындай дене-
лер туралы олар жылу берілу нәтижесінде
жылумен немесе энергиямен
алмасады деп айтады.
Жылуды алатын дененің температурасына қарағанда, жылуды беретін
дененің температурасы жоғарырақ болады. Жылу алмасу барысында екі
дененің де
көлемі (V), қысымы (p), температурасы (Т) өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет