Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


 Сонымен, жылулық құбылыстарды сипаттайтын негізгі физикалық шамалардың бірі – температура



бет8/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

2. Сонымен, жылулық құбылыстарды сипаттайтын негізгі физикалық
шамалардың бірі –
температура болып табылады.
Температура 
деп заттың жылулық күйін сипаттайтын физика-
лық шаманы айтады.
Температура молекулалардың жылулық қозғалысының орташа 
кинетикалық энергиясына және газ қысымына тура пропорционал бола-
тынын тәжірибелер айғақтайды. Ендеше,
температура молекулалардың 
орташа кинетикалық энергиясының да, газ қысымының да сандық 
өлшемі болып табылады. Температураның физикалық мағынасы, міне,
осыларға саяды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



11
3. 


Термометрлер деп температураларды өлшеуге арналған аспап-
тарды айтады. Практикада к ең қолданылатын термометрлердің көп-
шілігі температура өзгерістеріне сезімтал заттардың қасиеттерін пайда-
лануға негізделген. Мысалы, газдар мен сұйық тар және қатты денелер
жылудың әсерінен көлем дерін ұлғайтады. Оған мектеп зертханаларын-
дағы қа рапайым құрал
– болат шар мен болат сақина арқылы оңай
көз жеткізе аламыз (сурет 1.4,
а). Бөлме темпер атурасында болат шар
сақинадан оңай өтеді. Ал сол шарды қыздырсақ, сақинадан өтпей тұрып
қалады.
Сурет 1.4:
а) болат шар мен сақина; ә) биметалл; б) металл термометр
а)
ә)
б)
Әртүрлі металдардың ұлғаюлары да әртүрлі болады. Мысалы, бір-
біріне темір шегемен тойтарылып бекітілген көлемдері мен пішіндері
бірдей болат пен мыстан жасалған биметалды алайық (сурет 1.4,
ә).
Олардың бөлме температурасындағы (Т
0
) көлемдері бірдей бола тұрса да,
температура өскенде (Т
1
> Т
0
) болатқа қарағанда мыс молырақ ұлғайып,
көбірек иіледі, ал температура кемісе (Т
1
< Т
0
) – керісінше көлемін жыл-
дам азайтады. Қос металдың осындай қасиеттеріне негіздеп
металл тер-
мометрлер жасалады (сурет 1.4, б).
Тұрмыста қолданыс тапқан термометрлерде көбіне температураға
сезімтал сұйықтар (су, спирт немесе сынап) пайдаланылады. Мұндай тер-
мометрлерде (сурет 1.5,
а – жоғарғысы сынапты термометр) сұйық көлемі
кішігірім баллонға толтырыла құйылады. Баллондағы сұйық қабырғасы
мөлдір ұзын түтікшемен жалғасады. Баллон мен түтікше бөліктерге
бөлінген шкалаға бекітіледі.
4. Соңғы жылдары заманауи цифрлық технологияға негізделген тер-
мометрлер де көптеп шығарыла бастады (сурет 1.5 – сынапты термометр-
ден басқалары). Ондай цифрлы термометрлер екі түрге бөлінеді. Олардың
температураны денеге жанастырып өлшейтін түрлері де бар, денеге
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



12
жанас тырмай өлшейтін түрлері де бар. Соңғы түрлеріне


инфратермо-
метрлер жатады (сурет 1.5, ә).
5. Термометрді градуирлеу үшін, яғни бөліктерге сәйкес келетін
өлшеу нәтижелерін көрсететін сандарды анықтау үшін баллондағы
сұйықтың көлемі температураға пропорционал өзгереді деп есептеледі.
Мұндай жағдайда температураның кез келген шкаласын салуға болады.
Солардың бірі – тұрмыста кең қолданылатын швед астрономы А. Цель-
сийдің құрметіне аталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет