ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Программалау технологиясы деп программалық жабдық құру процесінде қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығын айтамыз.
Технологиялық ережелер жиынтығы Технологиялық операциялардың орындалу тізбегін көрсету. Бір немесе екінші операцияның шарттарын анықтау. Операциялардың өзін сипатттау.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ПРОГРАММАЛАУ Құрылымдық бағдарламалау - логикалық қарапайым және түсінікті бағдарламаларды құруға бағытталған бағдарламалау әдістемесі. Құрылымдық бағдарламалау бағдарламаның дәйектілігі мен түсініктілігі бағдарламаны әзірлеуге, дұрыстығын дәлелдеуге және кейіннен қолдауды жеңілдетеді және оның сенімділігін қамтамасыз етеді деген болжамға негізделген. Құрылымдық бағдарламалауға тән принциптер:
· жоғарыдан төменге қарай бағдарламалау -жалпыдан егжей-тегжейге дейін бағдарламалау «жоғарыдан төмен» әдісімен жүзеге асырылатын бағдарламаларды әзірлеу тәсілі;
· модульдік бағдарламалаумұнда салыстырмалы түрде тәуелсіз ішкі тапсырмалар бөлек бағдарламалық модуль ретінде бағдарламаланған; МОДУЛЬ Модуль дегеніміз өз алдына компиляцияланатын , сипаттаудың әртүрлі компоненттерін енгізу арқылы құрылатын жеке программалық бірлік .
Модуль келесі бөліктерден тұрады :
— аты немесе тақырыбы (Unit Modyl);
— интерфейс немесе хабарламалар бөлімі (Interface);
— орындаушы бөлігі немесе секциясы :
— инициализация бөлімі немесе секциясы. МОДУЬЛДІК ПРОГРАММАЛАУ Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
1) модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
2) модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.