Байланысты: Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org
абсолют шкала» деп атайды.
7. «Абсолют нөл» градуста (0К) Ғаламдағы барлық денелер мен
заттар ең аз шекті көлемге (нөлге) жетуге тырысады. (Мұндай бол-
жамдық пайымдау 7-сынып физикасында айтылғандай, Ғалам бұдан
15 миллиардтай жыл бұрын көлемі шексіз аз нүктедей ғана нәрсенің
«Үлкен жарылысынан» пайда болды деген ғылыми болжамды рас-
тайды). Алайда Ғаламдағы денелер нөлден де кіші теріс (–) көлем
қабылдай алмайды, яғни диаметрі нөлден кіші дене жасай алмай-
мыз. Ендеше, абсолют шкала бойынша температура да нөлден кіші
бола алмайды. Сөйтіп, Кельвин шкаласы бойынша Ғаламдағы ең
төмен температура «
абсолют нөл» (0К) болып табылады (сурет 1.6, ә).
Оған Цельсий шкаласының (сурет 1.6,
а) минус 273,15
о
С нүктесі
сәйкес келеді (0К ≈ 273
о
С). Ал Кельвин шкаласының
плюс 273,15
о
К
нүктесіне Цельсий шкаласының нөл нүктесі сәйкес келеді (273,15К ≈
≈ 0
о
С).
Сурет 1.6. Заттың көлемі мен температурасы арасындағы сызықтық
байланыс:
а) Цельсий шкаласы бойынша; ә) Кельвин шкаласы бойынша
а)
ә)
V V – 273 0 100
t, 0
С
0
273 373
Т, К 8. Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ) температураның өлшем
бірлігіне
Кельвин алынған; қысқаша К әрпімен белгіленеді. Кельвин және
Цельсий шкалалары бөліктерінің құны бірдей (1К = 1
о
С).
Цельсий шкаласындағы
t температура мен Кельвин шкаласындағы
Т температура арасындағы байланыс мына формуламен анықталады:
Т = (t + 273)К немесе t = (Т – 273) о С.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
14
1. Қандай жағдайларға байланысты жылу алмасу құбылысы орын ала-
ды? Жылу алмасу процесінде денелердің күйін сипаттайтын қандай
физикалық шамалар өзгереді?