Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Магнитэлектрлік жүйеге жататын аспаптар



бет155/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

Магнитэлектрлік жүйеге жататын аспаптар (сурет 6.14, а)
екі бөліктен тұрады. Оның
қозғалмайтын бөлігі екі ойыс полюстік
ұштары бар тұрақты магниттен (1) және қозғалмайтын болат өзектен
(2) тұрады.
Қозғалатын бөлік өлшеуіш механизмді құрайтын сырты-
на өткізгіш сым оралған рамадан (3) және оған бекітілген екі жар-
ты өстен (4) тұрады. Алюминий раманың сыртына оралған лакталған
мыс сымының ұштары екі жарты өске бекітілген серіппелерге (5)
жалғанады. Өлшеу кезінде серіппелердің бірі тұрақты токтың оң,
екіншісі сол полюсіне (сурет 6.14,
а) қосылады да, раманың орамдары-
нан электр тогы өтеді. Токтың күшіне қарай рама және оған бекітілген
аспаптың тілі (6) де әртүрлі бұрыштарға бұрылып, шкаладан өлшеу
нәтижелерін көрсетеді.
Электрмагниттік жүйеге жататын аспаптың қозғалмайтын
бөлігін орамдарынан ток өтетін шарғы (1) құрайды (сурет 6.14,
ә).
Аспаптың
қозғалатын бөлігі шарғының ортасындағы саңылауға
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



168
бұрылып ене алатын зәкірден (4) және оның өсіне (2) бекітілген


екі серіппе (3) мен тілшеден (5) тұрады. Екі ұшы екі серіппеге (3)
жалғанған орамнан ток жүргенде шарғыда пайда болған магнит өрісі
жұмсақ болаттан жасалған зәкірді саңылауға көбірек бұрып тартады.
Орамнан ток өткенде зәкірдің білігіне бекітілген аспап тілі белгілі бір
бұрышқа бұрылып, градуирленген шкаладан (6) электр тогының не-
месе тізбек бөлігіндегі кернеудің шамаларын көрсетеді.
Электрмагниттік аспаптардың сезімталдығы
магнитэлектрлік ас-
паптарға қарағанда төмен. Алайда олар күшті ток жүктемелеріне
шыдамдырақ келеді, әрі жұмыста да сенімділігі жоғары аспаптар бо-
лып табылады. Оған қоса тұрақты токтар мен айнымалы токтарда
бірдей қолданыс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет