Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет154/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

күш моментін (M = Fd) туғызады.
5.
Тұрақты токтың электрқозғалтқышы негізгі үш бөліктен
тұрады (сурет 6.13,
ә). Оларды статор, ротор және коллектор деп
атайды. «Статор» (2 және 3) латыншадан аударғанда «қозғалмайтын»
деген мағына береді, оны
индуктор деп те жиі атайды. Статор (индуктор)
қозғалтқыштың сыртқы қорабымен біртұтас бөлікті құрайтын тұрақты
магнит немесе электрмагнит болып табылады. «Ротор» (1) латынша-
дан аударғанда «айналатын» деген мағына береді, оны
қозғалатын 
бөлік деп те атайды. Ротор болат пластиналары жиынтығынан тұрады.
Әр пластинаға рамалардың рөлін атқаратын сырты лакталған мыс
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



167
сымдары оралады. Сымдардан тұрақты ток өткенде оның төңірегінде


туындайтын магнит өрісін болат пластина күшейте түседі. Сөйтіп,
статордың магнит өрісімен ротордың күшейтілген магнит өрістері
әсерлесіп, электрқозғалтқыштың айналдырушы моментін арттырады.
Жылу қозғалтқыштарына қарағанда электрқозғалтқыштарының
көптеген артықшылықтары бар:
біріншіден, олардың ПӘК-і 80%-ға
жетеді;
екіншіден, қолданыс аяларына қарай көлемі кішкентай өте
нәзік қозғалтқыштар жасауға болады;
үшіншіден, электрқозғалт-
қыштары дыбыс шығармайды.
6. Тұрақты токтың электр өлшеуіш аспаптары жоғарыда қарас-
тырған тұрақты токтың электрқозғалтқышына ұқсас жұмыс жасай-
ды. Олардың айырмашылықтары мынаған саяды:
электрқозғалтқы-
шының роторлары үздіксіз айналуға арналған және оған қосылған
сыртқы механизмдерді қозғалысқа келтіретін айналдырушы моментті
туғызатын күшті магнит өрістерімен қамтамасыз етеді. Ал электр
өлшеуіш аспаптары үшін мұндай қатаң талаптар қажет емес, өйткені
оның айналдырушы күш моменті тек өз аспабының тілін шкала
аймағында ғана бұруға есептелген.
Электр өлшеуіш аспаптарының көптеген жүйелері мен түрлері
бар. Біз олардың
магнитэлектрлік жүйе және электрмагниттік 
жүйе деп аталатын екі түрлі жүйелерін қарастырамыз. Бұл екі жүйеге
жататын аспаптарды бір-бірінен шкалаларына қарап ажыратуға бо-
лады. Магнитэлектрлік жүйеге жататын аспаптардың шкалаларының
бөліктері
біркелкі (сурет 6.14, а), ал электрмагниттік аспаптарда (су-
рет 6.14,
әәркелкі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет