44
20 немесе 50 теңгелік металл ақшаны ағаш тақтайша бетіне жанастыра
қаттырақ қысып, оны саусақтарың жылуды сезінгенше бірдей аралықта
әрі-бері ысқылаңдар. Ысқылау уақытында монетаның қандай жол
жүргенін анықтаңдар. Тәжірибені қайталай отырып, металды қатты
қыспай тағы да сондай жол жүретін аралықта ысқылаңдар.
Үйкеліс күші, жұмыс, энергияның сақталу және айналу заңы тура-
лы білімдеріңді пайдалана отырып, екі тәжірибенің нәтижелерін
түсіндіріңдер.
«Ағаш тақтайшаның орнына көлемі дәл сондай металл тақтайша алып,
тәжірибелерді қайталап жасаса не болар еді?» деген сұраққа жазбаша
жауап қайтарыңдар.
Зерттеу проблемасы. Сутек отыны оттекпен қосылып жанғанда органи-
калық отындарға қарағанда жылулық энергиясын 3–4 есе артық бөліп
шығарады. Оның үстіне органикалық отындар жанғанда зияны мол
көмірқышқыл газы пайда болады, ал сутек жанғанда тап-таза мөлдір су
бөлінеді. «Үлкен жарылыста» Ғалам пайда болғанда оның құрамындағы
элементтердің 99 пайызын сутек құрады. Күннің де, сансыз мол басқа
жұлдыздардың да энергиялық көзі сутек болып табылады. Алайда
Жер бетінде сутекті отын ретінде жылу жүйелері мен іштен жанатын
қозғалтқыштарда пайдалану кең өріс алмай отыр.
Зерттеу жобасының тақырыбы.
Сутек отынын өндірудің ғылыми
негіздері және технологиялары: қиындықтары және келешегі.
Теориялық зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: