45
Бірінші тараудағы ең маңызды түйіндер
1. Жылулық қозғалыс – молекулалардың бейберекет ретсіз қоз-
ғалысы.
2. Диффузия – бір зат бөлшектерінің екінші заттың бөлшектерінің
араларына өтіп, бір-бірімен өзара араласуы.
3. Температура – заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық
шама.
4. Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы байланыс
фор-
муласы:
Т = (t + 273)K немесе
t = (Т – 273)
о
С
.
5. Ішкі энергия – заттарды құрайтын барлық бөлшектердің кине-
тикалық энергиялары мен олардың өзара әрекеттесулерінің потен-
циалдық энергияларының қосындысы
.
6. Жылу алмасу – температурасы жоғары денеден температурасы
төмен денеге энергияның берілу процесі.
7. Жылуөткізгіштік – дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстары
барысында өзара әрекеттесулері нәтижесінде энергияның дененің
қызған бөлігінен салқын бөлігіне қарай берілуі.
8. Конвекция – сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны
арқылы
жылу энергиясының берілуі.
9. Сәулелік жылу алмасу – энергияның бір денеден екінші денеге
электрмагниттік толқындар арқылы берілуі.
10. Жылу мөлшері – жылу алмасу
процесінде туындайтын ішкі
энергия өзгерісінің өлшемі. Жылу мөлшері заттың ∆
t температура
өзгерісіне,
m массасына және
с жылусыйымдылығына тура пропор-
ционал:
Q = с m ∆
t = с m (t
Достарыңызбен бөлісу: