§24. 4-тапсырма. Өлшеудің сапасын сипаттайтын салыстырмалы қателерін мына
өрнектер бойынша анықтаңдар. Ток күшін өлшеу бо йынша
ε = ∆І/І;кернеуді
өлшеу бойынша
ε =∆U/U. 5-тапсырма. Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге түсіріңдер. Тәжірибе
реті
Ток күші І, А
Абсолют қате;
∆І, А
Кернеу
U, В
Абсолют қате;
∆ U, В
1.
2.
3.
4.
6-тапсырма. Тізбектегі реостаттың тиегін жылжытып, ток күші мен
кернеудің мәнін қайта өлшеп жазыңдар.
ТІЗБЕКТІҢ БӨЛІГІ ҮШІН ОМ ЗАҢЫ. РЕЗИСТОРЛАР. РЕОСТАТТАР 1. Эксперименттік зерттеулер тізбектің бөлігіндегі
ток күшінің,
кернеудің және электр кедергісінің арасында белгілі бір тәуелділік бай-
ланыстың бар екендігін көрсетеді. Аталған үш физикалық шамалардың
арасындағы байланыс ты тәжірибе жасап анықтамастан бұрын, мектеп
зертханалары мен көптеген техникалық аспаптарда кең қолданыс таба-
тын
резисторлар мен реостаттарға тоқтала кетейік.